Ресейліктердің Sputnik V вакцинасын толығымен сынақтан өткізбей тұрып, оның COVID-19-ға қарсы тиімділігін көрсететін жоспарлары вирусологтарды қатты алаңдатып отыр. Сарапшылар ішінара тиімді вакцина вирустың қозуына әкелуі мүмкін деп ескертті.
«Толық емес қорғаныс вирустың антиденелерден арылуына себеп болатын таңдау қысымын қамтамасыз етуі мүмкін, бұл барлық вакциналық реакциялардан құтылатын штаммдар тудырады», - деді Ұлыбританиядағы Рединг университетінің вирусология профессоры Ян Джонс. Ғалым бұл мағынада «мұндай вакцина шығарғаннан шығармаған жақсы» дегендей пікір білдірген.
«Мен вакцинаның тиімді екендігіне көз жеткізгім келеді. Сол жағын білмей отырмыз», - деді Кэтрин Эдвардс, педиатрия профессоры және АҚШ-тағы Вандербилт университетінің медицина мектебінің вакцина сарапшысы.
Оның айтуынша, вакцинаның вирусқа әсері, оның ішінде онымен күресу, бұғаттау немесе бейімделуге мәжбүр ету әрқашан алаңдаушылық тудырады.
«Дәл әрі нақты әсері жоқ вакцинаны қолдану қауіпті. Вирустың қозу қауіпі теориялық қауіп», - деді Дэн Барух, Бостондағы Израиль медициналық орталығының сарапшысы.
Сонымен қатар, Барух коронавирус мутациясының жиілігі, мысалы, ВИЧ сияқты вирустық жағдайға қарағанда әлдеқайда төмен екенін атап өтті. Ян Джонс сонымен қатар вакцинадан туындаған вирустық мутациялар «сирек кездесетін нәтижелер» ретінде саналатынын жеткізді. Оның айтуынша, вакцина вирустың жасушаларға ену және сол жерде көбею мүмкіндігін неғұрлым тиімді түрде шектесе, вирус таралу қаупі төмендейді және ауру антиденелерден аулақ болуды үйренеді.
Sputnik V-ті жасаушылар вакцинаның қауіпсіз екенін және адамға жасалған екі айлық шектеулі сынақтар оның тиімділігін дәлелдеді деп отыр.
Алайда, осы сынақтардың нәтижелері жария етілген жоқ, және көптеген батыстық ғалымдар барлық халықаралық сынақтар сәтті аяқталғанша және барлық нормативтік талаптар орындалмайынша вакцинаны қолданудан сақтанады деп жазады агенттік.
Әлемдегі алғашқы коронавирусқа қарсы вакцинаны жасаған Ресей Гамалея институтының мамандары бұған дейін Ресейде COVID-19-ге қарсы жаппай вакцинациялау 2020 жылдың қазан айында басталады деп хабарлаған. Вакцинациямен бір мезгілде вакцинаны клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі қатар өтпек. Оған 40 мыңнан астам адам қатысады.