Әлем • 24 Тамыз, 2020

COVID-19: Үндістан індеттен көз ашпай жатыр

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістандағы пандемияның қарқыны адам шошырлық күйде. Айналдырған екі аптаның ішінде COVID-19 жұқтырғандар саны 1 миллионға өскен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19: Үндістан індеттен көз ашпай жатыр

Пациенттерге ауруханаларда  орын жетіспей, дәрігерлер де адамдар да абдырап, онсыз да кедейі көп түбек тұрғындарының КВИ қырсығынан арылар түрі көрінбейді. 23 тамызда Индия Денсаулық сақтау және отбасының  әл-ауқаты министрінің хабарлауынша бір тәулікте ажал құшқандар 912 адам болып, жалпы өмірмен қоштасқан үндістандықтың саны 56 706-ға жеткен.

Елде күнделікті 65 мыңмен 70 мың арасында вирус жұқтырғандардың тіркелуі COVID-19-бен ауру жөнінен алдыңғы орындардағы АҚШ пен Бразилияның екеуінің көрсеткішін қосқандағыдай болып тұр. Егер бұл тоқтамаса Үндістан тізімнің ең басына шығуы да мүмкін.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.