Аймақтар • 24 Тамыз, 2020

Балық та байлық көзі

654 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балығы тайдай тулаған сулы, нулы өлке – Қорғалжында форель балығын өсіретін ауқымды кешеннің құрылысы басталмақ, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Балық та байлық көзі

Жоба АҚШ-тың "AGSO Corporation" компаниясының инвестициясы есебінен жүзеге асырылмақшы. Жабық типтегі болашақ кешеннің құрылысын жүргізу үшін 100 гектар жер телімі бөлінген. Топографиялық түсірілімі мен әртүрлі сараптау жұмыстары жүргізілген. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін бағалы форель балығының жылына 500 тоннасы өндірілетін болады.

"Алғашқы транш бөлінді. Бүгінгі таңда нысанның құрылыс жұмыстарының барысы келісіліп, электр желісі тартылуда. Жоба 2021 жылдың екінші тоқсанында толықтай жүзеге асырылады" , –дейді "Taga Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Серік Тәнкиев.

Қорғалжын – фауна мен флораға бай өңір. Балықты көлдері де көп. Енді өздерінде өсірілетін форель балығымен де мақтана алады. Айтпақшы, бағалы балық өсірумен қатар, облыстың бірнеше елді мекендерінде балық сататын сауда нүктелері де ашылмақ.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.