Қоғам • 24 Тамыз, 2020

Елорда әкімі мектептердегі санитария нормаларын күшейтуді тапсырды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов мектептер мен колледждердің директорларына жаңа оқу жылына қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай дайындалуды тапсырды. Дәлірек айтсақ, санитайзерлер орнатып, қашықтықты сақтау туралы белгілерді орнату шарт. «Кезекші топтардың» оқушылары парталарға шахмат тәртібімен отыруы керек, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әкімі мектептердегі санитария нормаларын күшейтуді тапсырды

"Сапалы дайындықты қамтамасыз ету маңызды. Қашықтықтан жұмыс режиміне көшу студенттердің алған білімінің сапасына әсер етпеуі керек. 1-4 сынып оқушылары "кезекші топтарда" оқи алады, санитария нормаларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов мұғалімдерді Ы. Алтынсарин ҚР Білім және ғылым министрлігінің, "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгілерімен, алғыс хаттармен марапаттады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.