Тексеру Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында, «Эталон» сауда-құрылыс базарында және Нұр-Сұлтан қаласының орталық базарында жүргізілді. Сауда нысандарын аралау барысында кәсіпкерлер сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін, ал базарлардың жұмыс режимін сағат 20:00-ге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру жөнінде бастама көтерді.
Е. Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-та сауда нысандарының жұмыс уақытын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарын шығаруды тапсырды. Елордалық нысандарды аралау қорытындысы бойынша Е. Тоғжанов кәсіпкерлерді сауда нысандарындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ азаматтарды өздерінің және жақындарының денсаулығына мұқият болуға шақырды.
Өз кезегінде, кәсіпкерлер ҚР Үкіметіне бизнеске қолдау көрсеткені және қамқорлығы үшін алғыс айтты.