Абайдың шығармашылық өнернамасында өзiнiң ұстанымын, көзқарасын танытатын «сөз сарасы», «сөз майы», «сөз мәнiсi», «шын сөз», «қасиет тұтып, ойға ұмтыл, қан қайнап, қуат егiлсiн!», «қуаты күштi нұрлы сөз», «таза ойла», «сөздiң шыны», «ақыл сөз», «жақсы сөз» дейтiн кесек-кесек, лек-лек мағыналы ұғымдар ақын поэзиясының асыл сипаттарын айқын танытады.

1886 жылы жазылған «Жiгiттер, ойын арзан, күлкi қымбат» дейтiн жыр-толғауы жанды сыр-cұхбат, әңгiме айту, ақыл қосу, жас берендердiң ой-cанасын, көңiл сарайын күмбiрлетiп, оятып-серпiлту үлгiсiнде өзiнiң мол тәжiрибесiмен ортақтасу, бөлiсу тұрғысынан жазылғандай. Шығыс өркениетi мен Ұлы дала мәдениетi тарихында жақсылардың мәслихаты – cұхбат, әңгiмелесу түрiнде ұйымдастырылған. «Жақсы адаммен бiрге болып сұхбаттасу жұпардай әсер қалдырады (өзiң де сондай боласың)», деген Мұхаммед (с.ғ.c.) өз хадистерiнде. Я болмаса Алла мен оның Елшici 90 мың тақырып бойынша (шариғат – 30 мың, тариқат – 30 мың, хақиқат – 30 мың) cұхбаттасқан. Сұхбат құру, мәжiлiс жасау – ұлттың интеллектуалдық әлеуетiн жақсартады. Ертеде шахтар қабылдау (меджлис) жасап, өлең оқып, музыка тыңдайды екен.
Халық қызметкерi Абай да сұхбаттасу, әңгiмелесу дәстүрiн гүлдендiрген, кең қолданысқа енгiзген, жанды құбылысқа айналдырған, ел игiлiгiне жаратқан. Ол да тыңдау өнерiне баулып, шәкiрттердi оқытқан. Себебi 1880 жылы Жидебайда медресе ашқан. Абайдың ұлттық дүниетанымы, пәлсапалық көзқарасы, мәдени дәрежесi, ойшыл зеректiгi ел қайғысын ойлаған, iлгерiнi болжаған. Сұңқарлық санаты, тылсым табиғаты елден ерек екені жырында да, сырында да тұнып тұр.
Шын көңiлмен сүйсе екен, кiмдi cүйсе,
Бiр сөзiмен тұрса екен, жанса-күйсе.
Немесе:
Керек ic бозбалаға – талаптылық,
Әр түрлi өнер, мiнез, жақсы қылық.
Болмаса:
Жолдастық, сұхбаттастық –
бiр үлкен ic,
Оның қадiрiн жетесiз адам бiлмес.
Әйтпесе:
Кемдi-күн қызық дәурен тату өткiз,
Жетпесе, бiрiңдiкiн бiрiң жеткiз!
Күншiлдiксiз тату бол шын көзiмен, –
Қиянатшылдық болмақты естен
кеткіз!
дегенiнде жiбектей есiлген жақсы қылыққа, қараса ханнан көзi өткiр, сөйлесе жаннан сөзi өткiр қасиеттерге ие «шын көңiлмен» «шын күлерлiк», жүзi шұғыла, шынар тұлға «сүйiктi ер», «ер жiгiт» болса екен деген ұлы тiлек, ұлы уайымы бар.
Абай ер жiгiт тағдырында жар таңдаудың мәнiсi хақында:
Бiреуді көркi бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсеқызар нәпсiге ерме.
Әйел жақсы болмайды көркiменен,
Мiнезiне көз жетпей, көңiл берме.
деп, «жеңсiкқойлық», «жеңсiкқұмар» дегендерден ада болып, сана сабырлығына бас ию, тұрлаулылықты темiрқазықтай тiрек ету ләзiм.
Адам өмiрi мен тағдырының жай-күйiн жүйрiк зерделейтiн, ұшан-теңiз бiлiмнiң, өлшеусiз тәжірибенiң, интуицияның иесi Абай:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, –
деп, қандай құсты қолға қондыру керектiгiн нақтылап, шегелеп жеткiзедi.
Осы бiр даналық тағылым, мағыналы өсиет Жүciп Баласағұнның:
Тегі таза, құтты болсын тамыры,
Ұяты мол, инабаты hәм iрi.
Қол тимеген, болсын аттап
шықпаған,
Сенен басқа еркек бар деп ұқпаған.
Сенi cүйiп, сенен басқа iздемес,
Жаман қылық, жарамсыз ic icтемес, –
деген бәйiттерiмен үндеседi.
«Толқынын жүрегiңнiң хаттай таныр» пейiштiң шынарындай, уылжыған уыздай әйел затын:
Майысқан, бейне гүлдей толықсыған,
Кем емес алтын тақтан жар төсегi.
Әйтпесе:
Ақыл керек, ес керек, мiнез керек,
Ер ұялар iс қылмас, қатын зерек,–
деп, кемел сипаттап, сұлу сезiммен суреттейдi.
Ненi айтса да сөздiң алмастай өткiрiн, уыттысын қолданатындығына «Салақ, олақ, ойнасшы, керiм-кербез», «жыртаң-тыртаң», «сасық ми» деген сөздерiн мысалға келтiруге болады.
Қазақ қауымы iшiнде қай заманда да көріксіз, өрескел жайттар да, сыздауықтар да жетерлік болған. Бұл Абай сынынан да тыс қалмады. Ақын:
Кей құрбы бүгiн тату, ертең бату,
Тiлеуi, жақындығы – бәрi cату, –
деп түңiлсе, үмiтi кесiлсе:
Көкiрегiнде қаяу жоқ, қиянат жоқ,
Қажымас, қайта айнымас
қайран тату! –
деп, қөңiлi cүйсiнедi.
Тағы да:
Пайда деп, мал деп туар ендiгi жас,–
деп шошынады.
Түптеп келгенде, бұл өлеңде заман келбетi, әлеуметтiк қайшылықтар, ел ортасындағы ахуал, адамдардың тәртiбi (жалақорлық, жанжалқұмарлық, арызқұмарлық, опасыздық), пейiл, қарым-қатынас шынайы көрсетiлген.
Стратег Абай зәре-құтыңды қашыратын жан түршiгерлiк жаманшылықтардан қорғайтын қамал-қорғаның:
Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,
Өзi зордың болады ығы да зор, –
деп, ғибратты пiкiр ұсынады.
Абайдың «Жiгiттер, ойын арзан, күлкi қымбат» дейтiн жаратындысы – оның өскен-өнген өлкесiнде сұхбат құрудың, әңгiмешiлдiк, шешендiк өнердiң өрге өрлегендiгiне, өркендегенiне бiрегей өнегелi мысал. Сұхбат – тәрбие мен бiлiм құралы.
Психологиялық әсерi мол ақын дауысында мейiр, тазалық, сыршылдық, құштарлық, рухани кеңiстiк пен кемелдiк бар.
Жақсыдан қалған көз – Көкбай Жанатайұлының мына бiр әдеби шығармашылық дерегінен елеулі мәлімет аламыз:
Семейге Абай келсе бiзде думан,
Ән салып босамаймыз айғай-шудан.
Бас қосу, бақастасу, мәжiлiс құру,
Секiлдi бiр ғылымның жолын қуған.
Тарихтан неше түрлi Абай сөйлеп,
Өзгелер отырады ауызын буған.
Бiр барсаң мәжiлiсiнен кеткiң келмес,
Хакiмдей Аплатон аңырап тұрған.
Келбетiне, бiлiмiне лайықты,
Япыр-ау, мұндай адам қалай туған.
Мұнда Абайдың туабiттi әңгiмешiлдiк, сұхбат құру өнерiн толық түсiндiрiп түйiндеген.
Келешектiң тұлғасын тәрбиелеудi мақсат тұтқан Абай – ұлт рухының символы.
Нұр-Сұлтанда ауыз бекіткендерге ыстық тамақ таратылды
Елорда • Бүгін, 22:25
Елорданың паралимпиадалық орталығы айына қанша адам қабылдайды?
Қоғам • Бүгін, 22:00
Парламент депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты
Парламент • Бүгін, 21:53
Елбасы Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы • Бүгін, 21:15
Азия чемпионаты: Ертең кімдер күреседі?
Спорт • Бүгін, 21:00
Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады
Елбасы • Бүгін, 20:40
Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 20:35
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Қоғам • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Үкімет • Бүгін, 19:59
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:50
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Бүгін, 18:45
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 18:42
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Бүгін, 18:35
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Бүгін, 18:22
Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Президент • Бүгін, 18:07
Ақтауда «ИК» тобының кешін ұйымдастырған қонақүй иесіне айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 18:04
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Бүгін, 18:03
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Бүгін, 17:16
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Биылдан бастап 500 қазақстандық ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді
Үкімет • Бүгін, 17:06
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 17:02
Атыраулық полицей пәтерге балкон арқылы кіріп, 7 жастағы қызды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Вакцина салдырғандар қайтадан коронавирус жұқтыруда
• Бүгін, 16:36
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Бүгін, 16:10
Шәй қорапшасындағы телефон: Өскемендіктің айласы жүзеге аспай қалды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Бүгін, 15:59
Партияның Петропавлдағы филиалы алдағы атқарар жұмысты нақтылады
Саясат • Бүгін, 15:58
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 15:35
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 15:34
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Бүгін, 15:25
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:23
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Бүгін, 15:16
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 15:05
Түркия: Бір тәулікте 50 мың адамнның вирус жұқтырғаны анықталды
Әлем • Бүгін, 15:04
Түркістанда «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» атты кітап фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 14:48
Азия чемпионаты: Валентина Исламова мен Елмира Сыздықова финалға шықты
Күрес • Бүгін, 14:23
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында вакциналау пункті ашылды
Медицина • Бүгін, 13:31
Грузияда локдаунның орнына мемлекеттік демалыс жарияланды
Әлем • Бүгін, 12:50
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Бүгін, 12:47
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Бүгін, 12:25
Руханият • Бүгін, 12:10
Нысана көздеуден халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:57
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Бүгін, 11:50
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Президенттің сынынан кейін министрлікте жол сапасы талқыланды
Қоғам • Бүгін, 11:37
Баландин мен Мусин Ақтөбедегі лицензиялық ел біріншілігінде топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:29
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығының І тоқсан қорытындысы шықты – ІІ тоқсанға өтінім беру басталды
Бағдарламалар • Бүгін, 11:18
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Балқашта жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:10
Сот шешімін орындамаған азамат қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
505 мыңнан астам қазақстандық вакцина салдырды
Қазақстан • Бүгін, 11:05
Азия чемпионаты: Бүгін және ертең біздің қыздар кімдермен күреседі?
Спорт • Бүгін, 10:56
Сенаторлар ЕАЭО-ның тізбесіне енгізілмеген өнімдерді реттейтін заң қабылдады
Парламент • Бүгін, 10:43
Қазақстанда тағы бір өңір «қызыл аймаққа» өтті
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Қазақстанда кең ауқымды «Киік» акциясы басталды
Экология • Бүгін, 10:27
Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атылды
Видео • Бүгін, 10:17
Елімізде жұмыссыздық деңгейі өсті
Қоғам • Бүгін, 10:03
Қазақстандық вакцина әзірлеген ғалымдарға баспана беріледі
Қазақстан • Бүгін, 09:48
Өткен тәулікте тағы 2641 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:36
2002 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Доллар қайтадан арзандай бастады
Қаржы • Бүгін, 09:22
Грек-рим күресінен Азияның үздіктері кім?
Спорт • Бүгін, 09:21
Сарыала қаздың қаңқылы естілді
Руханият • Бүгін, 08:51
Ұқсас жаңалықтар