Руханият • 01 Қараша, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Еуразия тарихы және мәдениетін зерттеу» орталығының директоры, ҰҒА құрметті академигі Сатай Сыздықов – көне тарих тағылымын бүгінгі идеологиялық негіздермен байланыстырып жүрген аз ғалымның бірі. Оның еңбектерінде «қазылық» ұғымы ерекше орын алады. Өзінің айтуынша, қазылық сөзіндегі «қаз» түбірінің «қазақ» атауымен, түркі дәуіріндегі қазақ ру-тайпаларының ата-бабасы болып табылатын қарлық түркілерімен тікелей байланысы бар. «Қазылық ету» – кезінде қазақ мемлекеттілігінің басқару институты болғаны тарихтан белгілі. Оның бер жағында өзі туып-өскен жері – Қарқаралы өңірі де өткен замандарда «қазылық» деп аталған. ХVІІІ ғасырда суырып салма ақын Күдеріқожа Көшекұлы «Қарқаралы – Қазылық», жататұғын жазылып» деп осы өңірмен қоштасқан.
Абай • 10 Тамыз, 2024
Абай хакімдігімен, ойшылдығымен, ел билеу өнегесімен, ақындық, композиторлық, аудармашылық, шешендік-тапқырлық өнерімен айрықшаланады. Абай құбылысы дегеніміз – рухтар әлемі («Рух – Раббымның құпиясы»), сырлар дүниесі, көркем ойлар ғажапстаны.
Руханият • 05 Сәуір, 2023
Ақаңның дәрісі, Смағұлдың төрелігі, Міржақыптың дауысы
Ұлт тәуелсіздігі, намысы, мұраты жолында жан алысып, жан беріскен Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатұлының, Смағұл Садуақасұлының тұлғалық болмысы, санаткерлік қызметі, ұстаздық, білімділік мәдениеті, шеберлігі, ойлау, сөйлеу, даналық деңгейі, ұшқырлық қабілеті елшілдіктің ерен үлгісі дер едік.
Тарих • 02 Наурыз, 2023
Бұқар жыраудың даналық ғибратнамасы
Ата тарихымызда Сырым Датұлы (1783-1791 ж.), Исатай-Махамбет (1836-1837 ж.), Кенесары Қасымұлы (1837-1847 ж.) бастаған ұлт-азаттық көтерілістер ұлтын сүйген жыраулардың жүрегін жайындай тулатып, Ұлт, Заман, Уақыт атынан жанартаудай күркіреп, сес сөзін селдеткен-ді. Ұлт-азаттық идеяны – ең басты, ең негізгі ой қазығына, қуатты сарынға, әлеуметтік-философиялық мазмұнға айналдырды. Әсіресе Бұқар жырау өнернамасы заманның тілі, үні, сыры деуге лайық. Академик-жазушы Сәбит Мұқанов «Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» дейтін кітабында (1942): «Бұқардың сөздері ХVІІІ ғасырдағы қазақ тіршілігінің энциклопедиясы» деп жазады. Рас сөз, жанды пікір.
Қазақстан • 15 Ақпан, 2022
Халықтың қадір-қасиетін, дәстүрі мен тәжірибесін, пәлсафалық, әлеуметтік көзқарасын, қаһармандық рухын, ата кәсібін, тілін, діни, даналық қағидаттарын, тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мінезін жете түсінбейінше, көреген, бекзат, намысты көшбасшы атану қиын.
Абай • 18 Қараша, 2020
Академик Әлкей Марғұлан ұлы суреткер, классик жазушы Мұхтар Әуезовке еріп, 1924 жылы Шыңғыстауда болғанында ұшан-теңіз әсерге бөленіп, қызықты әңгімелер естіп, Абай туып-өскен өрелі жұрттың «үлкені де, кішісі де ойға батқан, тұңғиық, өзгеше тыңдаушылардың алдында «данышпан қариялары шалқыған ойларын тебіренте салмақпен құйылтып ой қозғап, толғаулармен, термелермен адамды еріксіз өзіне тартып, кейде сөз арасында атақты ойшылдардан мысал келтіріп отыратынын» тебірене жазады.
Абай • 02 Қараша, 2020
«Осы өлең – оқитұғын дұғам менің»
Сөз дегеніміз – гармония, философия, магия, энергия, таным, пайым. «Жақсы сөз жақсы терек тәрізді, оның тамыры тереңде болады да бұтақтары аспан бойлап кетеді. Демек, ол Құдай әмірімен мезгіл-мезгіл жеміс беріп тұратын қасиетті терекке ұқсайды», дейді Құран. Мұхаммед (с.ғ.с.) хадис шарифінде «Сөзде сиқыр бар, ал өлеңде – даналық», дейді. Сопылық поэзияның көрнекті өкілі, дінтанушы, әмбебап дарын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Халық тілі – Құдай қаламы» дейтін түйінді пікір айтады.
Әдебиет • 27 Қазан, 2020
Бағзы заманда қытай ойшылы Конфуций: «Кiтап оқығаныңды ғана бiлiп, ой жүгiрткендi бiлмеген адам оқудан оңай жалығады» деген. Хандық заманының атақты жырауы Шалкиiз: «Сөйлесiн қалам сырымды, Тыңдасын әлем жырымды» деп ұрандаған. Сонда айтқыш импровизатор, жорықшы жырау қалам, қара сия, ақ қағазды пайдаланған, «алыс жерден мөрлi шұбар хат» алған. Римнің атақты шешенi Цицерон: «Қалам – ең жақсы ұстаз, жазылған сөз тап қазiр ойлаған сөзден артық» деп нақты көрсетiптi. Алланың кiтабы Құран кәрiмде: «Оқы: Жаратқан иеңнiң атымен оқы! Оқы! Сенiң Тәңiрiң – ең ардақты! Ол қаламмен жазу үйреттi. Ол адамзатқа бiлмеген нәрсесiн үйреткен» деп жазылған (әл-Әлақ сүресi, 1, 3-5 аят). Сонда адамзаттың рухани жетiлуiне, өркендеуiне оқу, жазу, қалам ұстау, сияны пайдалану керектiң керегi екен.
Абай • 25 Тамыз, 2020
«Жiгiттер, ойын арзан, күлкi қымбат»
Абайдың шығармашылық өнернамасында өзiнiң ұстанымын, көзқарасын танытатын «сөз сарасы», «сөз майы», «сөз мәнiсi», «шын сөз», «қасиет тұтып, ойға ұмтыл, қан қайнап, қуат егiлсiн!», «қуаты күштi нұрлы сөз», «таза ойла», «сөздiң шыны», «ақыл сөз», «жақсы сөз» дейтiн кесек-кесек, лек-лек мағыналы ұғымдар ақын поэзиясының асыл сипаттарын айқын танытады.
Абай • 27 Ақпан, 2020
Абай «кәмәләтті шеберлік» хақындағы пікірлерімен бөліседі. Табиғат – оқулық. Табиғат – қазына. Табиғат – суретхана, яғни қисапсыз бояулар мен дыбыстар дүниесі. Жаһан «жүргізіп қойған сағат сияқты» деседі. Табиғатты 1) тыңдау 2) оған бағыну, тағылым алу 3) ақыл жұмсап, құрметтеу парыз. Онда ғажайыпты ұлы үйлесім, көркемдік келісім бар. Ішкі гармония қатаң сақталған, ақыл-ой қуаты шамалай алмайтын, жанды-жансыз дүниенің құрылымында әмбебап өзара әрекеттестік бар, мыңдаған, миллиондаған байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесі бар.