Абай • 18 Қараша, 2020
Академик Әлкей Марғұлан ұлы суреткер, классик жазушы Мұхтар Әуезовке еріп, 1924 жылы Шыңғыстауда болғанында ұшан-теңіз әсерге бөленіп, қызықты әңгімелер естіп, Абай туып-өскен өрелі жұрттың «үлкені де, кішісі де ойға батқан, тұңғиық, өзгеше тыңдаушылардың алдында «данышпан қариялары шалқыған ойларын тебіренте салмақпен құйылтып ой қозғап, толғаулармен, термелермен адамды еріксіз өзіне тартып, кейде сөз арасында атақты ойшылдардан мысал келтіріп отыратынын» тебірене жазады.
Абай • 02 Қараша, 2020
«Осы өлең – оқитұғын дұғам менің»
Сөз дегеніміз – гармония, философия, магия, энергия, таным, пайым. «Жақсы сөз жақсы терек тәрізді, оның тамыры тереңде болады да бұтақтары аспан бойлап кетеді. Демек, ол Құдай әмірімен мезгіл-мезгіл жеміс беріп тұратын қасиетті терекке ұқсайды», дейді Құран. Мұхаммед (с.ғ.с.) хадис шарифінде «Сөзде сиқыр бар, ал өлеңде – даналық», дейді. Сопылық поэзияның көрнекті өкілі, дінтанушы, әмбебап дарын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Халық тілі – Құдай қаламы» дейтін түйінді пікір айтады.
Әдебиет • 27 Қазан, 2020
Бағзы заманда қытай ойшылы Конфуций: «Кiтап оқығаныңды ғана бiлiп, ой жүгiрткендi бiлмеген адам оқудан оңай жалығады» деген. Хандық заманының атақты жырауы Шалкиiз: «Сөйлесiн қалам сырымды, Тыңдасын әлем жырымды» деп ұрандаған. Сонда айтқыш импровизатор, жорықшы жырау қалам, қара сия, ақ қағазды пайдаланған, «алыс жерден мөрлi шұбар хат» алған. Римнің атақты шешенi Цицерон: «Қалам – ең жақсы ұстаз, жазылған сөз тап қазiр ойлаған сөзден артық» деп нақты көрсетiптi. Алланың кiтабы Құран кәрiмде: «Оқы: Жаратқан иеңнiң атымен оқы! Оқы! Сенiң Тәңiрiң – ең ардақты! Ол қаламмен жазу үйреттi. Ол адамзатқа бiлмеген нәрсесiн үйреткен» деп жазылған (әл-Әлақ сүресi, 1, 3-5 аят). Сонда адамзаттың рухани жетiлуiне, өркендеуiне оқу, жазу, қалам ұстау, сияны пайдалану керектiң керегi екен.
Абай • 25 Тамыз, 2020
«Жiгiттер, ойын арзан, күлкi қымбат»
Абайдың шығармашылық өнернамасында өзiнiң ұстанымын, көзқарасын танытатын «сөз сарасы», «сөз майы», «сөз мәнiсi», «шын сөз», «қасиет тұтып, ойға ұмтыл, қан қайнап, қуат егiлсiн!», «қуаты күштi нұрлы сөз», «таза ойла», «сөздiң шыны», «ақыл сөз», «жақсы сөз» дейтiн кесек-кесек, лек-лек мағыналы ұғымдар ақын поэзиясының асыл сипаттарын айқын танытады.
Абай • 27 Ақпан, 2020
Абай «кәмәләтті шеберлік» хақындағы пікірлерімен бөліседі. Табиғат – оқулық. Табиғат – қазына. Табиғат – суретхана, яғни қисапсыз бояулар мен дыбыстар дүниесі. Жаһан «жүргізіп қойған сағат сияқты» деседі. Табиғатты 1) тыңдау 2) оған бағыну, тағылым алу 3) ақыл жұмсап, құрметтеу парыз. Онда ғажайыпты ұлы үйлесім, көркемдік келісім бар. Ішкі гармония қатаң сақталған, ақыл-ой қуаты шамалай алмайтын, жанды-жансыз дүниенің құрылымында әмбебап өзара әрекеттестік бар, мыңдаған, миллиондаған байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесі бар.
Руханият • 26 Ақпан, 2020
«Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп...»
Дана халқымызда «Келген жеріңнің биігіне шық, елінің үлкеніне жолық» деген нақыл бар. Аузының дуасы бар, ақылдың қаймағына ие ізгілікті, мейірбан, әділетті өмір-тіршілік, келешек жайын, дүние құбылыстарын салиқалы көзқараспен дұрыс безбендеп шешімпаздық танытатын ақсақал – ауыл-аймақтың айбары, құты.
Руханият • 19 Ақпан, 2020
Қазақтың таным-түсінігінде Қыдыр ата ақ түйесіне мініп, қыр қыдырып, су сыдырып, құдық қазған, жол салған, бидай сепкен, мал баққан шаруақор жандарды бақылап, оларға сақы мырзалықпен ақ бата береді екен. Ақжолтай Қыдыр ата түйесінің аяғы тиген жерде жайқалып-толқындап егін өседі екен.
Руханият • 14 Қаңтар, 2020
«Өз басыңа тілемеген істі біреуге істеме»
Рухани-адамгершілік құндылықтар, ұлттық-халықтық дәстүрлер, ізгілік пен сұлулыққа табан тіреген ғибратты аталы сөздер – қоғамның өркендеп-гүлденуіне кең өріс, халықтың тарихи санасының жетілуіне орасан мүмкіндік тудырады.