Серік Неғымов
Серік Неғымовдоктор филологических наук, профессор
4 материал табылды

Руханият • 01 Қараша, 2024

Тарих тереңіне бойлаған

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Еуразия тарихы және мәдениетін зерттеу» орталығының директоры, ҰҒА құрметті академигі Сатай Сыздықов – көне тарих тағылымын бүгінгі идеологиялық негіздермен байланыстырып жүрген аз ғалымның бірі. Оның еңбек­те­рінде «қазылық» ұғымы ерекше орын алады. Өзінің айтуынша, қазылық сөзін­дегі «қаз» түбірінің «қазақ» атауымен, түркі дәуіріндегі қазақ ру-тай­па­ларының ата-бабасы ­болып табылатын қарлық түркілерімен тікелей бай­ланысы бар. «Қазылық ету» – кезінде қазақ мемлекеттілігінің басқару инс­ти­туты болғаны ­тарихтан белгілі. Оның бер жағында өзі туып-өскен жері – Қарқаралы өңірі де өткен замандарда «қазылық» деп аталған. ХVІІІ ғасыр­да суырып салма ақын Күдеріқожа Көшекұлы «Қарқаралы – Қазылық», жататұғын жазылып» деп осы өңірмен қоштасқан.

Абай • 10 Тамыз, 2024

Рухани құбыланама

Абай хакімдігімен, ойшылдығымен, ел билеу өнегесімен, ақындық, ком­пози­тор­лық, аудармашылық, шешендік-тапқырлық өнерімен айрықшаланады. Абай құбылысы дегеніміз – рухтар әлемі («Рух – Раббымның құпиясы»), сырлар дүниесі, көркем ойлар ғажапстаны.

Руханият • 05 Сәуір, 2023

Ақаңның дәрісі, Смағұлдың төрелігі, Міржақыптың дауысы

Ұлт тәуелсіздігі, намысы, мұраты жолында жан алысып, жан беріскен Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатұлының, Смағұл Садуақасұлының тұлғалық болмысы, санаткерлік қызметі, ұстаздық, білімділік мәдениеті, шеберлігі, ойлау, сөйлеу, даналық деңгейі, ұшқырлық қабілеті елшілдіктің ерен үлгісі дер едік.

Тарих • 02 Наурыз, 2023

Бұқар жыраудың даналық ғибратнамасы

Ата тарихымызда Сырым Датұлы (1783-1791 ж.), Исатай-Махамбет (1836-1837 ж.), Кенесары Қасымұлы (1837-1847 ж.) бастаған ұлт-азаттық көтерілістер ұлтын сүйген жыраулардың жүрегін жайындай тулатып, Ұлт, Заман, Уақыт атынан жанартаудай күркіреп, сес сөзін селдеткен-ді. Ұлт-азаттық идеяны – ең басты, ең негізгі ой қазығына, қуатты сарынға, әлеуметтік-философиялық мазмұнға айналдырды. Әсіресе Бұқар жырау өнернамасы заманның тілі, үні, сыры деуге лайық. Академик-жазушы Сәбит Мұқанов «Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» дейтін кітабында (1942): «Бұқардың сөздері ХVІІІ ғасырдағы қазақ тіршілігінің энциклопедиясы» деп жазады. Рас сөз, жанды пікір.