Қоғам • 25 Тамыз, 2020

Жемқорлыққа қарсы күреске басымдық берілуде

285 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігінде ведмоство басшысының орынбасары, генерал-лейтенант Тимур Дәндібаевтың басшылығымен Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста өт­кен кезеңдегі жұмыс қоры­тындылары шығарылып, Де­сант­тық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы қызметіндегі сыбайлас жем­қорлық қауіп-қатеріне талдау жасалды.

Жемқорлыққа қарсы күреске басымдық берілуде

Отырыс барысында комиссия төр­ағасы Қарулы Күш­тердің Жоғар­ғы Бас қол­бас­шысының: «Сыбай­лас жемқор­лыққа негіз болған құбы­лыстардың себептері мен жағдайларын жоймай, құқық бұзушылықпен күресу мүмкін емес. Халық шенеу­ніктің немесе қандай да бір басшының жауапқа тартылып қана қоймай, олар қызмет еткен мемлекеттік органдардың жұ­мысында оқиғалардың қайталануын болдырмайтын түбегейлі өзгерістер орын алғанын көруі керек», деген нұсқауларын жеткізді.

Жемқорлыққа қатысты құқық бұзу­шылық жасауға ықпал ететін жүйе­лік пробле­ма­ларды, себептер мен жағ­дай­ларды жою, сыбай­лас жем­­қор­лық құқық бұзу­шы­лық­­тардың қай­талануын бол­дырмауға, бөлінген бюджет қаражатын ұрлауға жол бермеу қажеттілігіне назар аударылды.

Алдын алу шараларының мысалы ретінде лауазымдар тізіміне әскери бөлім командирлерінің лауазымдарына тағайындалған кезде полиграф арқылы тексеруден өту көрсетілген.

Комиссия төрағасы 2015-2019 жыл­­дар аралы­ғын­да Қарулы Күш­терде қабыл­данған сыбайлас жемқор­лыққа қарсы шаралардың нәти­жесінде жемқорлық бо­йынша қылмыстардың саны төрт еседен көп азай­ғанын атап өтті. 2019 жылы жем­қор­лық­қа қатысты алты қылмыс жасалса, 2015-2018 жылдары ара­лығында қыл­мыс саны 34-ті құраған.

Сонымен қатар 2020 жылы құ­қық ­бұзушылықтың 76%-ға артуы бай­қалады. Бірақ іс жүзінде бұл сыбайлас жемқорлық қылмысының өсуі емес, оның айқындалуының артуы. Қорғаныс министрлігі қолданып жатқан түбегейлі жаңа тәсілдерді ескер­сек, бұл әбден болуы мүмкін нәр­се. Қорғаныс ведомствосы еште­ңені жасырмайды, кері­сінше бар­лық ақпаратты тиісті ор­ган­дарға бере отырып, аш­ық жұмыс істейді. Ақпан айын­да Сыбайлас жем­қор­лыққа қар­сы іс-қимыл агент­тігі­мен әскери ортада сы­бай­лас жем­қорлықты жою­ға ба­ғытталған өзара ынты­мақ­тастық туралы меморандум жасал­ды. Нөлдік төзімділік қағи­да­сына сүйене отырып, Қару­лы Күштер оларды жасырмайды.

«Біз өз қатарымызды жем­қорлық­тан тазартуға мүдделіміз. Бұл істе еш­кімге аяушылық жоқ», деді Қорға­ныс министрінің орынбасары.

Қабылданған алдын алу шаралары бюджет қаражатын жымқыру саласындағы қыл­мыс­тың азайғаны және 2019 жыл мен осы жылы атал­ған қыл­мыстардың тіркелме­ген­дігі туралы Қарулы Күш­тер­дегі сы­бай­лас жемқор­лық­қа қар­сы іс-қимылдың жағ­­да­йы жөніндегі талдауда көрсетілген.

Негізінен жеке әскери қыз­­мет­­шілердің өздерінің жеке тәр­тіп­сіз­діктері мен аш­көздік­терінің кесірінен тұр­мыс­тық эпизодтағы жем­қор­лық фактілеріне ғана жол берілген.

Сыбайлас жемқорлық қыл­м­ысы­ның бірде-бір фак­тісі ескерусіз қал­майды. Заң бұзу­шылыққа жол берген бар­лық кінәлі лауазымды тұл­ғаларды жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда.

Әскери қызметшілердің басты бөлігі әскери борышын адал атқара­тындар және Отанға шексіз қызмет ететіндер.

Сонымен қатар талдау сы­байлас жемқорлық дең­гейін анықтау әдіс­теме­сін­дегі кейбір проблемалар­ды анықтады. Мәселен бел­гілі бір елеусіз сыбайлас жем­қорлық қылмыс­тар­дың саны объективті жағдайды көрсет­пейді және бұрмаланған шындықты қа­былдауға әкеледі. Қарулы Күш­тердің жеке құрамының санын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық дең­гейінің мемлекеттік органның лауа­зымды адамдарының санына қаты­насы тұрғысынан қарастыру әлде­қайда объек­тивті болып табылады.

Әскери қызметтің ерек­шелігі келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер мен сер­жанттар құрамының кез кел­ген әскери қызметшісі өкі­леттік берілген лауазымды адам бола ала­тын­дығын атап өту қажет.

Сондай-ақ сыбайлас жем­қорлық рейтингін анық­тау кезінде қылмыстың ауыр­лығын және қоғамға әсер ете­тін қауіптілік дәрежесін ескеру қажет.

Сонымен қатар Қорғаныс ми­нистр­лігі кез келген ұсақ құқық бұзу­шы­лықтар мен қыл­мыстарға жол беру­ге бол­майды деп санайды және мұн­­дай жағдайда нөлдік төзім­ділікке тәрбиелейді.

Әскери ортадағы сыбай­лас жем­қор­лық деңгейі Қару­лы Күштерге мем­ле­кеттің қорғаныс қабілетін қам­та­масыз ету бойынша қойылған мін­­дет­терді орындауға мүм­кіндік береді.

Құрылған гарнизондық сыбайлас жемқорлыққа қар­сы комиссия­лар Қарулы Күш­тердегі сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимылға жаңа серпін береді.

Жергілікті әскери басқару орган­дарында (әскери комиссариаттарда) сыбайлас жем­қорлықтың туындау се­бептері мен шарттары жо­йы­луда. Қо­рғаныс істе­рі жөніндегі депар­та­мент­тердің бірінің базасында әске­ри есеп­ке қоюдан бастап әске­ри билетті алуға дейінгі бар­лық қызметтерді элек­т­рон­ды түрде көрсетуді көз­дей­­тін пилоттық жоба құрыл­ды. Аталған жоба пысық­тал­ған­нан кейін мұндай тәсіл бар­лық жерде енгізілетін болады.

Анықталған екі «жасырын» мемле­кет­тік қыз­метті (әскерге шақыру­ды ке­йін­­ге қалдыру және әскерге ша­­қы­ру­дан босату) мем­ле­кет­­тік қыз­меттер тізіліміне енгі­зу­ге бастамашылық жасалды.

Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, әскери қыз­метшілердің сы­байлас жем­қорлыққа қарсы мәде­ние­тін қалыптастыруға және азамат­тардың Қарулы Күш­терге деген сенімін арттыруға бағытталған «Қару­лы Күштер – Адалдық алаңы» жоба­лық кеңсесі ашылды.

Әскери полиция бас бас­қар­­ма­сы­ның құрылымын­да сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма құрылды. Ол ең алдымен, сыбайлас жемқорлық себептерін анықтай отырып, осы салада терең талдау жұмыстарын жүргізеді.

Десанттық-шабуылдау әс­кер­лері қолбасшысы басқар­масының қыз­метін­дегі сыбайлас жемқорлық тәуе­кел­дерін талдауды қарастыра отырып, комиссия тамақтандыруды ұйым­д­астыруға бақылауды жүзеге асыру кезінде әске­ри бөлімдер коман­­дир­лері­нің дискрециялық өкілеттік­терін алып тастауға, сапаға сәйкес келмей­тін азық-түлікті, сондай-ақ сапасыз дайын­дал­ған тағамды айқындау алго­­рит­мін әзірлеуге, әскери бөлім­­дерді қажетті аспаптар­мен қамтамасыз етуге, сонымен қатар тылдық және кадр­­лық қамтамасыз ету сала­ларын­да сыбайлас жем­қорлық құқық бұзу­шы­лықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша және басқа да ұсынымдар берді.

Комиссия отырысы барысында әскери қызметшілер мен олардың отба­сы мүше­лері­нің сыбайлас жем­­қор­лыққа қарсы бағыттағы қ­ұқық­­т­ық ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселесі жеке атап өтілді. Осы мақсатта Қорға­ныс ми­нистрлігінің ресми сайтында бас­шы­лық құжаттар, оқу құралдары мен әдіс­темелік ұсынымдар, басқа да пайдалы ақпарат орналастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты арнайы айдар жұмыс істейді.