Қазір елімізде эпидемиялық ахуал тұрақталып, COVID-19 індетінің таралу ауқымы айтарлықтай азайды, ауырғандардың біразы жазылды. Алайда індеттен айыққан балалардан қабыну синдромының байқала бастағаны көпшілікті алаңдатып қойды. Осы жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жан-жақты мағлұмат берілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов соңғы үш аптада елімізде коронавирус инфекциясы мен пневмония ауруы бойынша жағдайдың тұрақтанғанын атап өтті. Оның айтуынша, 3-9 тамыз аралығында 7108 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 222 адам қайтыс болған. 7940 азамат пневмониямен ауырып, соның салдарынан 122 адам көз жұмған. Ал 10-16 тамыз аралығында КВИ ПТР (+) диагнозы 3995 адамда, КВИ ПТР (-) 5344 адамда анықталды. Бұл жерде індет анықталғандардан 151 адам және пневмониядан 64 адам қайтыс болды. Соңғы аптада – 17-23 тамыз аралығында 1685 адамда COVID-19, 4138 науқаста пневмония расталды. КВИ-дан 108, пневмониядан 40 адам бақилық болды.
Брифингке бейнебайланыс арқылы қосылған еліміздің бас педиатры, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басқарма төрағасы Риза Боранбаева мультижүйелік қабыну синдромы – Кавасаки синдромы туралы баяндады.
«Балалар мен жасөспірімдерде кездесетін мультижүйелік қабыну синдромы – уақытша COVID-19 індетімен қабаттасқан, аурудан жазылғаннан кейін болатын иммунологиялық құбылыс. Яғни COVID-19-ға шалдыққан балаларда 3-5 апта өткен соң дамитын инфекциядан кейінгі синдром. Мультижүйелік қабыну синдромының тағы бір атауы – Кавасакиге ұқсас синдром. Өйткені мұның клиникалық белгілері Кавасаки ауруына ұқсайды, бірақ белгілі бір айырмашылықтары бар. Кавасаки ауруы балаларда ерте дамиды, ал мультижүйелік қабыну синдромы 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарда да тіркеледі. Кавасаки ауруы бүкіл әлемде өте сирек кездеседі, Қазақстанда жыл сайын 2-5 жағдай анықталады», деді Р.Боранбаева.
Бас педиатрдың айтуынша, бұл дертке COVID-19 жұқтырған балалардың барлығы шалдықпайды. Тек кейбір балаларда Кавасаки ауруына ұқсас клиникалық белгілер байқалады, ол ауыр өтуі мүмкін. Сондықтан ерте диагноз қойып, терапияны уақтылы бастау өте маңызды. 23 тамыздағы жағдай бойынша республикамызда 16 балаға мультижүйелік қабыну синдромы диагнозы қойылды. Оның ішінде 8 бала жақсы нәтижемен емделіп шықса, қалғандары көпбейінді балалар ауруханасында емделуде.
Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-бен ауырған балаларда мультижүйелік қабыну синдромының белгілері болса, бала міндетті түрде көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылуы керек екенін ескертеді. Кавасакиге ұқсас синдромы бар науқастарды инфекционист, ревматолог, кардиолог, гематолог, реаниматолог сияқты педиатриялық мамандар тобы диагностикалап, емдейді.
Кавасаки синдромының негізгі клиникалық белгілері мынадай:
– температура 24 сағат ішінде 38,5 градустан жоғары болады;
– асқазан-ішек жолдарының зақымдануы – іш ауырады, құсу, жүрек айну, диарея;
– тыныс алу жүйесінің 50%-ы зақымдануы мүмкін. Яғни жөтел, пневмонияның ауыр түріне байланысты ентігу;
– денеге түрлі дәрежеде бөртпелер шығады;
– конъюнктивит, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, алақан, аяқ ісінуі мүмкін;
– кеуденің артқы жағында жүрек тұсы ауырады, кардиоваскулярлық белгілер болады;
– Тіл, ерін қызарып, алқызыл болады.
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 21:30
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Берік Әлібай: Ұлттық дәстүрді сақтауға күш саламын
Өнер • Бүгін, 20:31
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Бүгін, 20:26
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Бүгін, 20:23
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Бүгін, 20:20
Досмұхамед Кішібеков: Тарихын таныған ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін біледі
Тарих • Бүгін, 20:17
Теннис • Бүгін, 20:12
Руханият • Бүгін, 20:10
Медицина • Бүгін, 20:07
Әлем • Бүгін, 20:02
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 19:58
Спорт • Бүгін, 19:55
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Күрес • Бүгін, 19:35
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Бүгін, 19:15
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Бүгін, 18:31
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Бүгін, 17:55
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Бүгін, 17:16
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
Спорт • Бүгін, 16:15
Төрт боксшымыз ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:00
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында қоршаулар орнатылып жатыр
Қазақстан • Бүгін, 14:50
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстан • Бүгін, 12:09
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Күрес • Бүгін, 11:35
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:00
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:45
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар