Спорт • 25 Тамыз, 2020

Теннис: АҚШ-та жолымыз болмады

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері әлемнің бірқатар елінде теннистен халықаралық турнирлер өтуде. Сол жарыстарда Қазақстанның өрендері де өнер көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннис: АҚШ-та жолымыз болмады

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жалауы желбіреген WTA додасы жерлестеріміз үшін сәтсіз аяқталды. Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тұсаукесер кездесуінде ойда-жоқта 25 жастағы ресейлік Екатерина Александроваға есе жіберді – 5:7, 6:7.

Юлия Путинцева алғашқы айналымда қытайлық Чжан Шуайға шаң қаптырды – 6:4, 6:3. Келесі кезеңде оның жолы жоғарыда есімі аталған Ресей теннисшісімен қиысты. Бұл бәсекеде де Александрованың асығы алшысынан түсті – 7:5, 7:6.

Нью-Йорктегі турнирдің ерлер сайысында Александр Бублик Карен Хачановтың осал тұсын таба алмады – 4:6, 4:6.

Ал Прагада өтіп жатқан жарыста Дмитрий Попко үшінші кезеңге шықты. Кеше ол неміс ойыншысы Оскар Оттеден 7:5, 6:3 есебімен басым түсті. Енді отандасымыз германиялық Янник Маден мен чехиялық Михаэль Врбенски арасындағы кездесудің жеңімпазымен шеберлік байқасады.   

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.