Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтты 75 жылдығымен құттықтады. Президенттің құттықтауын Түркістан облысы әкімнің орынбасары Сәкен Қалқаманов Түркістанда өткен «Түркілер төрі Түркістан» онлайн конференциясында оқып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті Мархабат Байғұтұлы!
Сіз қазақ әдебиетінің дамуы мен өркендеуі үшін аянбай қызмет етіп келе жатқан қазақтың қабырғалы жазушыларының бірісіз. Сіздің қаламгерлік қарымыңыз бен қайталанбас шығармаларыңыз қазақ халқының ұлттық мінезі мен болмысын, әлеуметтік жан тебіренісін дәл бейнелеуімен ерекше. «Дауыстың түсі», «Серт пен сенім» сияқты прозалық жинақтарыңызды, әлем әдебиетінен жасаған сәтті аудармаларыңызды көпшілік жылы қабылдағанын білемін.
75 жасқа толған мерейлі мерекеңізбен сізді шын жүректен құттықтаймын! Ұлттың руханияты үшін талмай еңбектеніп, әлі де талай өлмес туынды жазарыңызға сенемін. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін» делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалдарының бірлесе ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам адам онлайн жүйесі арқылы қатысты.
Түркістан өңіріндегі тарихи маңызы бар қасиетті жерлерді насихаттаудағы әдеби шығармалардың рөлі, мүмкіндіктері мен әлеуетін жан-жақты талқылау, қастерлі құндылықтарымызды көпшілік аудиторияға әдеби, тарихи және публицистикалық тұрғыда жеткізудің тың жолдарын қарастыру тақырыбында өтіп жатқан конференция аясында биыл 75 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» кітабының таныстырылымы өтті. Елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, Сенат, Мәжіліс, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, аудан, қала әкімдері, сондай-ақ, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің жазушылары, әдебиеттанушылары қатысып, сөз сөйлеген конференцияда Түркістанның тарихына, оның мән-маңызына қатысты құнды пікірлер айтылды.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Руханият • Кеше
Тариф тұрғындарды тығырыққа тіремеуі тиіс
Қазақстан • Кеше
Ресей президентінің кезекті жолдауы
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Президенттік институт – пәрменді билік
Елбасы • Кеше
Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»
Өнер • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Медицина • Кеше
Екпе салдырушылар саны артып келеді
Аймақтар • Кеше
Дәрігерге «құрылысшы» киімі сатып алынғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Қазақстан • Кеше
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Спорт • Кеше
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Қазақстан • Кеше
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Семейде 18 мектеп карантинге жабылған
Білім • Кеше
Ауылдарға ауыз судың жетуін Nur Otan бақылайды
Қоғам • Кеше
Қазақстанның Исландиядағы жаңа консулы таныстырылды
Саясат • Кеше
Адам өліміне қатысы болған экс-әкім қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылауға ұсынды
Қазақстан • Кеше
Сауран ауданына алғашқы әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атыраудың ауылдарына таза ауыз су жеткізуді тапсырды
Аймақтар • Кеше
Президент Атыраудағы денсаулық сақтау нысандары ескіргенін айтты
Аймақтар • Кеше
Ұлтқа берері көп тұлғаларымыздан айырылып қалып жатырмыз - Қ.Тоқаев
Президент • Кеше
Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Жол саласындағы мәселелерді кешенді түрде шешу қажет
Президент • Кеше
Президент Сарайшық қаласындағы туристік саланы дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Атырау облысында медицина мамандары жетіспейді
Медицина • Кеше
Жол салатын мердігерге талап қатаң болуға тиіс – Президент
Президент • Кеше
Жалақысы көп өңірлер анықталды
Қаржы • Кеше
Жамбыл облысында көлік ұрлығы 40 пайызға азайған
Аймақтар • Кеше
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы пайдалануға берілді
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы: Қашаған кен орнын толық игеру керек
Президент • Кеше
СҚО-да өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда биыл жеке тұлғалардан 5,3 млрд теңге көлік салығы түсті
Аймақтар • Кеше
Ұлт тарихтын зерделеудің бүгінгі ұстанымы
Тарих • Кеше
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Жол сапасы ішкі туризмнің дамуын тежеп келеді – Сенат депутаты
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар