Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Алматыда ер адам көпірден секіруге тырысқан

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында белгісіз біреу жолдың үстіндегі шатырға көтеріліп, баяу қыдырып жүргені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда ер адам көпірден секіруге тырысқан

Белгілі болғандай, бұл Әуезов ауданындағы 6-шы шағын аудандағы Саин көшесінің бойында болған. Сағат 18:20-да полицияға ер адамның көпірден секіруге тырысқаны туралы хабар келіп түсті. Полиция қызметкерлері келгенге дейін, 1982 жылы туылған З. есімді азаматты куәгерлер көпірден түсіріп алды. Сонан соң оны оқиға орнына келген "Буран-86" көлігінің патрульдік жасағына тапсырды.

Ал ер адам өз іс-әрекетін полиция қызметкерлеріне, жұмыстан үйіне қайтқанда телефон арқылы қоңырау шалғанын және оның жеке отбасылық қайғысы туралы естігенін айтты. Оған полиция және жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге психологиялық көмек көрсетілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.