Спорт • 25 Тамыз, 2020

Зайнутдинов енді ЦСКА намысын қорғайды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің «Ростов» клубында өнер көр­сететін жерлесіміз Бахтиер Зайнут­динов енді ЦСКА командасының намысын қорғайды.

Зайнутдинов енді ЦСКА намысын қорғайды

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновты сатып алу үшін ЦСКА мен «Ростов» келіссөздер жүргізіп, тараптар өзара келісімге келді. Зайнутдинов ЦСКА-мен 2024/2025 маусымға дейін келісімшарт жасасты.
Зайнутдинов «Ростовта» барлық турнирде 35 матч өткізіп, төрт голдың авторы атанды. Жартылай қорғаушының «Ростовпен» келісімшарты 2020 жылдың соңына дейін жасалған еді, ал оның трансферлік құны екі миллион еуроға бағаланады.