Қоғам • 25 Тамыз, 2020

Әскери қызметті өткеру үшін азаматтардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар әзірленді

483 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери қызметті өткеру үшін азаматтардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар әзірленді

Құжат әскери қызметшілері мен азаматтардың денсаулық жағадйына қойылатын талаптарды анықтайды:

- әскери қызметке жедел мерзімге шақырылған кезде жедел мерзімді әскери қызметті өтейтіндер;

- ҚР Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарда кайтарымсыз және қайтарымды негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау үшін іріктеу кезінде;

- әскери оқу орындарына түсушілер және жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда (факультеттерде) оқитындар;

- әскери қызметке түскен кезде катардағы, запастағы сержанттар, жедел мерзімді өтейтіндер, әскери шеңі жоқ әйел адамдар қатарынан;

- курсанттарды (кадеттерді) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқанға дейін, сондай-ақ келісімшарт жасасқаннан кейін;

- әскери жиындарға шақыру және әскери жиындардан өту кезінде, есепке алу мақсатында запастағы қатардағы жауынгерлер мен сержанттарды, сондай-ақ әскери қызметке шақыру және келісімшарт бойынша, запастағы әскери қызметке кіру кезінде, әскери жиындарға шақыру және әскери жиындардан өту кезінде, есепке алу мақсатында запастағы офицерлерге;

- келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге;

- келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін немесе қызмет үшін іріктелетін офицерлердің, Десанттық-шабуылдау әскерлерінде, әскери-теңіз күштерінде, арнайы мақсаттағы бөлімдерде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлердің болуы. Талаптар арнайы мақсаттағы бөлімшелерге, теңіз жаяу әскерлеріне, десанттық-шабуылдау және барлау бөлімшелеріне, жауынгерлік жүзушілерге және сүңгуірлік құрамға, сондай-ақ корабльдер мен кемелер экипажына қойылады;

- теңізе шығуға, су астындағы танктерді және басқа көліктерді жүргізуге қатыстырылған әскери қызметті (әскери жиындардан өтетіндер) әскери қызметшілерге (азаматтарға).

Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.