Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Алматы облысында егіс жинау науқаны қызып тұр

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысында егін жинау науқаны қызып тұр. Ауа райының аптап ыстық болғанына қарамастан шаруалар жерден толымды өнім жинауда. Бұл туралы Алматы облысының баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алматы облысында егіс жинау науқаны қызып тұр

Бүгінге 263 мың га дәнді-масақты дақыл (56%), 438 мың тонна дәнді дақыл жиналды, орташа өнімділік гектарға шаққанда 16,7 центнерді құрап отыр. Астықты сыйымдылығы 771 мың тонна болатын 265 астық қоймасы қабылдауда, оның ішінде 58,6 мың тонналық 2 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны да бар.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда қант қызылшасы 16,1 мың га алқапқа себілген, 500 мың тонна өнім алып, 48 мың тоннадан астам қант шығару жоспарланған. Бүгінге Ақсу және Көксу қант зауыттары толығымен дайын, қант қызылшасын қабылдау  қыркүйектің 2-ші кезеңінен басталады.

Сонымен қатар шаруа қожалықтары картоп жинауға да кірісті. Биыл орташа өнімділік 176,1 ц/га құрап отыр, бұл өткен жылға қарағанда сәл жоғары. Бүгінгі күні картоп егілген 40,3 мың га жердің 8,6 мың гектары жиналып, одан 150,8 мың тонна өнім алынды.

Бүгінге қажеттінің 75,8%-ы, яғни 2 млн тоннадан астам шөп және 983,7 мың тонна басқа да мал азығы дайындалды. Қыстық және жаздық дақылдың 42,9 мың тоннасы құйылды, бұл қажетті мөлшердің 54,1%-ын құрайды.

Барлық техника жөнделіп, астық жинауға 1409 комбайн, 180 механикалық қырман, 260 астық тиегіш, 203 дән атқыш, 160 астық тазалау машиналары мен 249 автотаразы тартылған. Өнім жинау науқанын дер кезінде аяқтау үшін Энергетика министрлігінен бөлінген 19,1 мың тонна дизельдік отынның кесте бойынша 3,9 мың тоннасы жеткізілді, оның 1,8 мың тоннасын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері алды. Сонымен қатар, шаруашылықтар нарықтан  5  мың тоннасын өздері сатып алды. Атқарылған іс-шаралар жинау жұмыстарын уақытында және сапалы аяқтауға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, биылғы жылы өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 7 мың гектарға ұлғайып, 968,6 мың гектарды құраған.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.