Қоғам • 25 Тамыз, 2020

15 жастағы жасөспірімге іздеу жарияланады

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының полициясы 15 жастағы жасөспірімнің мекенжайын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, деп хабарлайды Egemen.kz

15 жастағы жасөспірімге іздеу жарияланады

Талдықорған қалалық Полиция басқармасы 29.06.2005 жылы туған Нүсіпбаев Әділет Мақсатұлына іздеу жариялайды. Ол 2020 жылғы 12 тамызда үйінен белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған. Жоғалған балаға тән белгілер: бойы 160-165 см., дене бітімі орташа, азиялық келбеті, өңі ашық, шашы қысқа, көздері қара-қоңыр, бетінде кішкентай туа біткен дақтар бар.

Үстіне көк түсті спорттық шалбар, қара түсті футболка және қоңыр түсті жеңіл аяқ киім киген. Жасөспірім туралы немесе оның мекенжайы туралы қандай да бір ақпараттарыңыз болса, келесі телефондарға хабар берулеріңізді сұрайды: 8 (7282) 608066; 8-707-971-89-23, немесе 102. Құпиялылыққа кепілдік беріледі. Қазіргі уақытта жасөспірімді іздеу жұмыстарына Талдықорған қаласы ПБ толық жеке құрамы, жақын орналасқан қалалар мен облыстың полиция органдарының бөлімшелері, сондай-ақ еріктілер мен қоғам өкілдері жұмылдырылған.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.