Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Қызылордада жалған сертификат сатқан алаяқ ұсталды

1765 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада тұрғындарға медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын аяқтағандығы туралы жалған сертификат сатқан алаяқ ұсталды. Облыс полицейлерінің жедел-іздестурі шаралары арқасында қолға түскен ол Шиелі ауданының 36 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада жалған сертификат сатқан алаяқ ұсталды

Қазір оның осындай желеумен 6 тұрғынға жалған сертификат бергені анықталып отыр. Алаяқтың бұл әрекетінен жәбірленушілерге 200 мың шамасында материалдық  залал келтірілген.

Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп–тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.