Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Көші-қон 68 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері СҚО-ның Көші-қон қызметі ғана азаматтарға 68617 мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл халықтың мемлекеттік қызметке жүгінуі жылдан жалға арта түскенін көрсетеді. Соның ішінде қызметтердің басым бөлігі электронды түрде жасалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Көші-қон 68 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

Мемлекеттік қызметтерді қажет еткен облыс тұрғындары негізінен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгінеді. Қызметтердің басым бөлігі электронды форматта көрсетіледі, заманауи гаджеттерді пайдалана қоймайтын аға буын өкілдері көп жағдайда қағаз түріндегі қызметке жүгінеді.

«Көші-қон желісі бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерге Қазақстан азаматтарын жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен құжаттандыру, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу және есептен шығу жатады, - деп атап өтті СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. «Кез-келген адам «Электронды үкімет» порталында тұрғылықты жері бойынша өзі тіркеле алады. Ол үшін бар болғаны интернетке қосылған компьютер мен электронды-цифрлық қолтаңба қажет. Жыл басынан төлқұжат, жеке куәлік пен мекенжайға тіркелуді 57 мыңнан астам солтүстікқазақстандық ресімдеді».

Құжат ресімдеу рәсімдері қызметтің барынша жылдам және тиімді көрсетілетініндей жасалған. Адамдарға ыңғайлы жағдай жасау, қол жетімділік – көші-қон қызметінің жұмысындағы негізгі басымдықтар. Фронт-офистерде «бір терезе» қағидаты, заманауи сервистік қызмет көрсету моделі жүзеге асырылды. Жалпы көші-қон қызметі мемлекеттік қызметтердің 15 түрін көрсетеді.