Түркістанның қайта түлеуі – ұлттық болмысымыздың, рухымыздың қайта оянуы. Түркістанның жаңғыруы тек құрылыс жұмыстары, сәулет өнерімен ғана шектелмеуі тиіс, ол тарихи, әдеби және публицистикалық жаңа туындылармен, шығармалармен де қуатталуы тиіс.

Түркістанда өткен «Түркілер төрі – Түркістан» атты онлайн-конференцияда осындай пікір айтылды. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалдарының бірлесе ұйымдастыруымен өткен шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам адам онлайн жүйесі арқылы қатысты.
Түркістан өңіріндегі тарихи маңызы бар қасиетті жерлерді насихаттаудағы әдеби шығармалардың рөлі, мүмкіндіктері мен әлеуетін жан-жақты талқылау, қастерлі құндылықтарымызды көпшілік аудиторияға әдеби, тарихи және публицистикалық тұрғыда жеткізудің тың жолдарын қарастыру мақсатындағы конференция аясында биыл 75 жылдық мерейтойы тойланып жатқан жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі – Түркістан» кітабының таныстырылымы өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазушы Мархабат Байғұтқа жолдаған құттықтау хатын облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов оқып берді. Конференцияның модераторы, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібайдың айтуынша, еліміздің сакралды географиясындағы тарихи жәдігерлердің дені оңтүстікте шоғырланған. Осыдан 3 жыл бұрын әзірленген Қазақстанның киелі 100 нысанының 23-і Оңтүстік өңірде орналасқан. Ал енді осы қасиетті орындардың әдебиеттегі көрінісі қандай? Бүгінгі әдебиетте қастерлі мекендеріміз қаншалықты дәріптеліп, қамтылып жүр? Осы қастерлі орындарды насихаттауда, әсіресе жастарға танытуда әдеби саланың мүмкіндіктерін қаншалықты пайдаланудамыз? Осындай сауалдар сананы мазалайтыны рас. Ел аузында киелі орындар көп айтылып жүргенімен, көпшілік нақты деректерді біле бермейді. Бұл олқылықтың орнын толтыруға да қаламгерлер қауымы сүбелі үлес қосары анық. Маңызды тарихи деректерді әдеби көркем тілмен әспеттей отырып көпшілік аудиторияға жеткізудің орасан пайдасы болатыны сөзсіз.
Конференцияға қатысқан елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, Сенат, Мәжіліс, жергілікті мәслихат депутаттары, сондай-ақ Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінің жазушылары, әдебиеттанушылары Түркістанның тарихына, оның мән-маңызына қатысты құнды пікірлерін ортаға салды. Мысалы, сенатор Әлімжан Құртаев биыл 1150 жылдығы аталып өтіп жатқан әл-Фараби бабамыздың мұрасын зерттеудегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сенатор өз сөзінде әл-Фарабидің жүзден астам шығармасын қазақ тіліне аудару, өмір жолы туралы деректі, көркем фильмдер түсіру, Нұр-Сұлтан мен Түркістан қалаларында ескерткіш орнату туралы ұсыныстарын да айтты. Белгілі ғалым Мұхтар Қожа Түркістандағы Әзірет Сұлтан кесенесі Орталық Азиядағы ең үлкен сәулет ескерткіші екенін атап өтті. «Бұл кесененің бір ерекшелігі тайқазаны, қабір жапқышы сияқты көптеген жәдігері сақталып қалған. Алтынмен жазылғаны Құран кітабы қазір Алматыда тұр. Мұндай жәдігерлер Орталық Азиядағы бірде-бір ескерткіште сақталмаған», деді ғалым. Соңғы жылдары Түркістанда археологтердің жұмысы еселене түскені мәлім. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағынан табылған маңызды тарихи нысандар археологтердің назарын өзіне аударды. Ескі Түркістан қаласының көне шахристан және ортағасырлық магистралды көше бойынан табылған тарихи нысандар тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік тұрғыда археологиялық қызығушылық тудыратын сенсациялық жаңалық болып табылады. XIX ғасырдың 1843-1849 жылдары Қоқан иелігі кезінде сыртынан қоршалған Тәкия қақпасының түбінде қаланың Керуенсарай орналасқан. Төрт қақпаның барлығының түбінде керуенсарай болған. Сонымен бірге моншасы, кішігірім мүричә деген моншасы болған. Қазбадан табылған олжаны ғалымдар «Тәкия керуенсарайы» деп атап отыр.
Ал Түркі академиясының президенті, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі «Түркістан идеясы – ұлы идея» деген пікір айтты. «Түркістан осыдан екі жыл бұрын облыс орталығы мәртебесін алған кезде бүкіл түркі әлемі қуанды. Түркістанның дамуына Президентіміз де ерекше мән беріп отыр. Ер түріктің бесігі жалпы түркі әлемінің бесігі», деді ол. Айта кетелік, Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарық көрген Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі – Түркістан» кітабының алғысөзін Дархан Қыдырәлі жазған. Әл-Фараби, Ясауи сынды адамзат ауқымындағы алыптардың табаны тиіп, ірі руханият пен мәдениеттің бесігі болған киелі өңірдің тарихы мен тағылымын арқау еткен қаламгердің бұл шығармасы түгел түркінің төріне айналған киелі Түркістанға тағылымды тарту болмақ. Конференцияда кітаптың құндылығы, елдің, жердің, Түркістанның қасиетін танытудағы маңызын Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Әбдірәсілов, Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып та атап өтті. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай «Түркілер төрі – Түркістан» еңбегі арқылы Мархабат Байғұт туған ел алдындағы парызын абыроймен орындағанын айта келе, бұл еңбек түркі тілдеріне аударылуы тиіс деген ұсынысын білдірді. Жиында сондай-ақ өзбекстандық жазушы, аудармашы, «Алаш» сыйлығының иегері Мехманқул Исламқұлов, Қазақбай Юлдашев, Әзербайжандағы Халықаралық жас жазушылар одағының төрағасы, ақын Әкбар Қошалы, түркиялық әдебиеттанушы Бюлент Байрам Киркарели, Шымкенттегі «Ерлік» мұражайының меңгерушісі Ақмарал Құдайбергенова Мархабат Байғұттың шығармашылығына қатысты ой-пікірлерін білдірді.
Еркін ДОСЫМБАЙ,
журналист
Түркістан облысы
Футбол • Бүгін, 00:00
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Табиғат тағылық жасағанды кешірмейді
Аймақтар • Кеше
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Тарих • Кеше
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Ақпараттық текетіресте кімнің ұпайы түгел?
Экономика • Кеше
Бензин бағасы кетті шарықтап...
Қазақстан • Кеше
Балаларға жанашырлық – бәрімізге ортақ міндет
Қоғам • Кеше
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Кеше
Руханият • Кеше
Азия чемпионатында алты жүлде бұйырды
Спорт • Кеше
Шығыс Қазақстанда карантин 3 мамырға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда ауыз бекіткендерге ыстық тамақ таратылды
Елорда • Кеше
Парламент депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты
Парламент • Кеше
Елбасы Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы • Кеше
Азия чемпионаты: Ертең кімдер күреседі?
Спорт • Кеше
Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Үкімет • Кеше
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Кеше
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Кеше
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Кеше
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Кеше
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Кеше
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Кеше
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Кеше
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Кеше
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Кеше
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Кеше
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Кеше
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Кеше
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Кеше
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Кеше
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Кеше
Руханият • Кеше
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Кеше
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар