Кезінде балық шаруашылығын дамыту жөніндегі салалық ведомство құру және осы саланы қолдау бойынша Үкімет мүшелерінің қатысуымен бірқатар отырыстар өткізу туралы бастама көтергендердің қатарында болған сенатор Жайық және Қиғаш өзендеріндегі су көлемін арттыру, шекаралас аумақтағы Балқұдық-Қарабалық өткізу пунктінің мәртебесін белгілеу, сондай-ақ депутаттың өңірлік сапарлары кезінде азаматтар көтерген бірқатар басқа да мәселелерді сөз етті.
Үкімет басшысы Қазақстанда балық шаруашылығы комитетін құру мәселесі пысықталып жатқанын жеткізді, сондай-ақ сенатор айтқан мәселелерді шешу бойынша Үкімет қолға алған жұмыстар туралы айтып бе