Экономика • 26 Тамыз, 2020

Екібастұзда кремний зауыты салынады

216 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Павлодар облысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен кремний зауытын құру жобасы жүзеге асырылуда. Кәсіпорынды «ANSA Silicon» ЖШС (Canarax Trading LLC еншілес компаниясы) компаниясының араб инвесторлары іске асырып жатыр. 

Екібастұзда кремний зауыты салынады

Қазіргі уақытта жобалық-сме­талық құжаттама әзірленуде, жақын арада қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр. Инвес­торлардың айтуынша, жалпы құны 100 млн доллар болатын кәсіп­орынды 2023 жылға қарай толы­ғымен пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде жылына 35 мың тоннаға дейін техникалық кремний өндірілетін болады, екінші кезең өндіріс көлемін жылына 70 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа кәсіпорынды 105 мың тоннаға дейін кеңейту перспективасы бар.

«Қазіргі уақытта бұл жобаны қан­дай факторлар басқа зауыт­тар­дан ерекшелендіретіні бел­гілі. Тех­­ни­ка­лық кремнийді өнді­ру ке­зін­де бұрын Қазақстанда қол­да­ныл­­­­маған қоршаған ортаны қор­ғау­­­дың озық технологиялары пайдаланылады. Компанияның негізгі ерек­шелігі – жоғары деңгейдегі шикі­­­затты пайдалану. Бұл жоғары тех­­­но­­логия тұтынушылардың та­лап­­­­тарына сәй­кес жоғары сапа­лы да­йын өнімге әке­леді. Бұл өнім то­­лық экспорт­қа бағдар­ла­на­­ды. Сондай-ақ зауыт өзінің рек­­­реа­ция­­лық аймағы­мен, жасыл же­­лек­­­термен, тоған­мен жаб­­­дық­­тала­ды. Қыз­­мет­кер­лер үшін йога ор­­та­­лығы жә­не емдеу-сауық­тыру ке­­ше­ні са­лынады», деді компа­ния­­­ның бас ди­рект­оры Паниграхи Бхакта.

Жаңа зауыттың құрылысы аймақтағы ТМК саласын дамытуға үлкен серпін береді. Өндіріс салық базасын кеңейтеді, экспорттық әлеуетті арттырады және экономи­каны әртараптандыруға оң әсер етеді. Дайын өнім Қазақстан үшін жаңа тауашаларды игеруге технологиялық мүмкіндіктер аша­ды. Күн панельдерін, элект­рони­каның жаңа түрлерін, қорыт­паларды және т.б. өндіру мүм­кіндігі пайда болады.

«Бастапқы кезеңде компания 377 адамды жұмыспен қам­та­ма­сыз етеді. Жергілікті тұрғын­дар­ды ғана емес, сонымен қатар елі­­міздің басқа өңірлерінен ма­ман­­­дарды да тарту жос­парланып отыр. Өн­дірістің дамуымен жұ­мыс орын­дарының саны да артады. Ин­ве­с­торлар алғашқы пайданы өн­діріс іске қосылғаннан кейін бір­неше жылдан кейін ғана алады. Зауыт әлі салынбағанына қарамас­тан, ком­пания инвестиция­лау са­ты­­сын­да тұрса да, «ANSA Silicon» ЖШС қала өміріне бел­сенді қатысуда», деп хабарлады «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Пав­­лодар облысы бойынша ай­мақ­тық ди­рек­торы Мәдияр Данияров.

Ұлттық компанияның өңірлік дирек­­торы­ның айтуынша, осы жыл­­­дың ақпан айында компания «Екі­­бастұз қала­сындағы аутист бала­лар­дың ата-ана­лары­ның бір­лес­тігі» қоғамдық бірлестігі­мен және «Ерек­ше үй» балаларды оңал­­ту ор­та­лығымен келісімшарт жасасқан.

«Біздің ұйымның қызметін қолдауға шетелдік демеушілер 19 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Енді орталық 2020 жылы 120 баланы тегін оңалтумен қамтамасыз ете алады, сондай-ақ сенсорлық ын­та­ландыру үшін аппараттар са­тып ала алады. Инвесторлар әкім­дік­пен бірлесіп, ерекше қажет­тілік­тері бар балалардың дамуы үшін барлық жағдайдың болуына күш-жігерін салады. Сондай-ақ мамыр айында Ansa Silicon қол­дауы­мен ғимараттың шатыры жөн­деу жұ­мыстарынан өтті», деді «Ерекше үй» балаларды оңалту ор­та­лы­ғының жетекшісі Адина Сейітова.

«Ansa Silicon» ЖШС COVID-19 пан­демиясына байланысты көмек қорына 1 млн теңге көле­мін­де үлес қосты. Сонымен қатар компа­ния өкілдері екі апта­лық үй каран­тинінде болған пациенттерге 150 килодан астам ет тарат­ты. Бола­шақта зауыт қаланы әлеу­мет­т­ік қамтамасыз етуге қомақты қаражат салуды жоспарлап отыр. Ден­саулық сақтау, білім беру, сани­тария және т.б. салаларын дамы­туға ар­налған шығыс­тар жоспарланған.