Коронавирус • 26 Тамыз, 2020

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 308 адамның жағдайы ауыр

1102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда еліміз бойынша коронавирус жұқтырған 9 541 адам ем алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 308 адамның жағдайы ауыр

Емделіп жатқандардың арасында 49 сәби бар. Стационарларда 4 786 науқас жатыр, 4 755 адам амбулаториялық ем алуда. Жалпы науқастардың арасында 305 адамның ахуалы нашар.

Соның ішінде 56 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас жасанды тыныс алу аппаратында аппаратында жатыр.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады", делінген хабарламада.