Қоғам • 26 Тамыз, 2020

Елордадан Алматыға ұшып шыққан ұшақ шұғыл қонды

742 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

SCAT әуекомпаниясының ұшағы "Нұрсұлтан-Алматы" рейсін орындау кезінде құспен соғысып қалды, - деп хабарлайды Egemen.kz аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордадан Алматыға ұшып шыққан ұшақ шұғыл қонды

SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, DV 734 "Нұрсұлтан-Алматы" рейсінің қонуы штаттық режимде өткен.

"Рейсті орындау кезінде экипаж бір сәтте бөгде шуды естіді. Ұшу кезінде қозғалтқыштардың параметрлері норманы көрсетті. Содан экипаж Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласты. Ұшу және қону штаттық режимде өтті", - деді SCAT өкілдері. 

Ұшақты тексеру барысында онда құстың іздері анықталған. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр. Ұшақ бүлінбеген.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.