Қоғам • 26 Тамыз, 2020

Дәрігер сәндік косметиканың қаупі туралы айтты

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Косметика қыз-келіншектердің өмірінің ажырамас бөлігіне айналғаны рас. Алайда, дерматовенеролог дәрігер косметолог Алексей Эдемский опа-далаптың адам денсаулығына орасан зияны барын айтады , деп хабарлайды Egemen.kz. 

Дәрігер сәндік косметиканың қаупі туралы айтты

Қазір жасөспірім қыздар  12-13 жастан сәндік косметиканы қолдана бастайды және бет терісін белсенді тазартып тұрады. Теріге осындай тұрақты агрессивті күш түсіру ақыр соңында оны төзімсіз етеді, - деді Алексей Эдемский. Журналистерге берген сұхбатында дерматовенеролог бұл не үшін қаауіпті екенін түсіндірді.

"Теріге қолданылатын косметиканың көптігінен тері косметикаға деген шыдамдылығын жоғалтады, сондықтан адам қолданған кез-келген косметикалық өнімге реакция жасай бастайды",  деді Алексей Эдемский.

"Бұл жағдай терінің қабынуы, қышуы мен басқа да қиын жағдайларға жеткізуі мүмкін. Оны емдеу өте қиын", деп қосты дерматовенеролог.