Елорда • 26 Тамыз, 2020

Елордада екі жүк көлігі соқтығысты

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада екі жүк көлігі соқтығысты. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Елордада екі жүк көлігі соқтығысты

Ведомство ақпаратына сәйкес, осы жылдың 25 тамызында сағат шамамен 13-30-да 30 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан "HOWO" маркалы автокөлік Қырқыншы станса жақтан Павловка елді мекеніне қарай келе жатып, екі айналма жолдың қиылысында Нұр-Сұлтан-Қарағанды жолы жақтан Алаш тас жолына қарай келе жатқан "Камаз" көлігімен соқтығысқан.

"Соққының салдарынан «Камаз» қарама-қарсы бағытта келе жатқан "VOLVO" маркалы көлігіне барып соғылған. Ол көлікті 63 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан. "HOWO" автокөлігі коммуналдық айып тұрағына қойылды, тергеу жүргізіліп жатыр", деді департамент өкілдері.