Спорт • 26 Тамыз, 2020

Футзалдан Еуропа чемпионатының жеребесі тартылады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 қыркүйекте Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2022 жылы Нидерландта өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирнің жеребесі тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзалдан Еуропа чемпионатының жеребесі тартылады

Қазақстан құрамасы Испания, Португалия, Ресей, Сербия, Әзірбайжан, Хорватия және Италиямен бірге "А" себетінде. Өзге себетте мына командалар бар: "В" – Украина, Чехия, Словения, Румыния, Мажарстан, Франция, Финляндия және Словакия; "C" себетінде – Беларусь, Босния мен Герцеговина, Польша, Бельгия, Грузия, Латвия, Молдова және Албания; "D/E" себетінде – Норвегия, Түркия/Грекия, Сан-Марино/Дания, Израиль/Кипр, Швейцария/Германия, Англия/Солтүстік Македония, Болгария/Армения және Черногория/Литва. 

Айтулы доп додасында бақ сынайтын 32 елдің өрендері төрт-төрттен сегіз топқа бөлініп, өзара шеберлік байқасады. Топ жарғандар және екінші орын алғандар арасында үздік нәтиже көрсеткен алты команда Еуропа чемпионатына жолдама алады. Нидерландқа сапар шегетін тағы бір команда қосымша кездесуде анықталады. Ал жарыстың өзі 2022 жылдың 19 қыркүйегі мен 6 ақпан аралығында Амстердам мен Гронинген қалаларында өтеді.