Қоғам • 26 Тамыз, 2020

"Жанұя" отбасы орталығына бір жылда 23 мыңнан астам адам жүгінді

579 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қолдау орталығында елордадағы отбасыларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Жанұя" отбасы орталығына бір жылда 23 мыңнан астам адам жүгінді

Бір жылдан бері Нұр-Сұлтанда "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс істейді. Онда елордадағы отбасылар құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек ала алады. Орталық жұмыс табуға, кәсіптік оқудан өтуге, әлеуметтік және тұрғын үй бағдарламалары туралы ақпарат алуға, сондай-ақ оларға қатысуға көмектеседі. Орталық мамандары барлық жеңілдіктерді алуға, қамқоршылықты анықтауға қолдау көрсетіп, жаңа кәсіп ашудың мүмкіндіктері туралы мәлімет береді.

Ашылған күннен бастап орталыққа 42 017 сауал бойынша 23 039 өтініш келіп түсті. Адамдар қойған сұрақтардың көп бөлігі атаулы әлеуметтік көмек – 22 620, мемлекеттік жәрдемақы – 6 278 және тұрғын үй – 3020 мәселелеріне қатысты.

Орталықта 12 мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жұмысы ұйымдастырылған. Онда "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, қала әкімдігінің әкімшілігі, Жұмыспен қамту орталығы, Тұрғын үй қоры, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, "Қазпочта" АҚ, құқық қорғау органдары және басқа құрылымдардан кеңес алуға болады.

Сондай-ақ "Жанұя" орталығында "Кәсіпкер ана" аналарға өз бизнесін дамытуға қолдау көрсету орталығы бар. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мұнда өз бизнесін нөлден бастауда қолдау таба алады. Ол үшін бизнес құру тәжірибесімен бөлісетін табысты әйелдермен Self Made мотивациялық бизнес-тренингтері өткізіледі.

"Жанұя" орталығының алаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қоғамдық қабылдауы да ашылды. Азаматтарды кесте бойынша қабылдауды аудан басшылары, басқармалар мен басқа да ұйымдардың басшылары жүргізеді. Сонымен қатар, орталықта рухани құндылықтарды дамытуға, қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар, сондай-ақ көп балалы аналарға арналған бос орындар жәрмеңкелері мен семинар-тренингтер өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының жұмысы 13 мамырдан бастап қайта жанданды. Қабылдау санитарлық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте Орталықтың барлық қызметтерін онлайн режимде немесе 57-87-00, 57-88-88 номері арқылы алуға болады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар