Елорда • 26 Тамыз, 2020

Нұр-Сұлтанда жайлы қоғамдық орындарға сұраныс артты

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Карантин шаралары енгізілгеннен кейін Нұр-Сұлтанда жайлы қоғамдық орындарға сұраныс артты. Тұрғындар таза ауада серуендеуге көбірек мән бере бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда жайлы қоғамдық орындарға сұраныс артты

Көктемнен бастап елорда әкімдігі аулаларды, саябақтарды, скверлер мен бульварларды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Жұмыстар қаланың ескі бөлігіне баса назар аудара отырып, елорданың барлық аудандарында жүзеге асуда. Байқоңыр ауданында абаттандырылған аулалар саны – 50, Сарыарқада – 40, Алматыда – 33, Есіл ауданында 20-дан астам.

"Бұл жер қараусыз, бос жатқан. Біз одан айналып өтетінбіз. Қазір біздің жеке шағын саябағымыз бар. Балаларға ұнайды. Ағаштар отырғызылды. Біз ризамыз, өйткені балалар өте қуанышты. Енді мұнда жайлы уақыт өткізуге болады. Пандемияны ескерсек, денсаулығымызға көбірек уақыт бөлу маңызды. Демек, ашық ауада спортпен шұғылдану керек. Мұнда фитнес аймағы да бар, балалар футбол ойнай алады", – дейді Өндіріс (Лесозавод) тұрғын алабының тұрғыны Тілеулес Жаңабайқызы өз әсерімен бөлісіп.

"Аула ересектер үшін де, балалар үшін де, демалыс, спорт, серуендеу үшін де өте қолайлы. Бұрын бұл жер қараусыз қалған болатын. Бүгінде ол заман талабына сай тамаша демалыс орны және осы көше тұрғындары көңіл көтеретін орынға айналды", – дейді Нұр-Сұлтан тұрғыны Қазбек Биқадамов (Алматы ауданы).

Естеріңізге сала кетейік, биыл елордада 150 аула мен 50 қоғамдық орын (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылады. Мәселен, осы жазда тұңғыш рет көпір астындағы демалыс аймағы (Сарайшық көшесі, Арқар көпірі) абаттандырылды. Жаңа кеңістік Триатлон мен Президент саябақтарын біріктіреді.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.