Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Батыс Қазақстанда "Ашық әкімдік" жобасы іске қосылды

506 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында "Ашық әкімдік" жобасы аясында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған тағы бір алаң ашылды. Бұл туралы Хабар 24-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Батыс Қазақстанда "Ашық әкімдік" жобасы іске қосылды

Енді Тасқала ауданының тұрғындары үшін мемлекеттік қызметті ыңғайлы форматта және кезексіз алуға мүмкіндік туды. Аудан орталығында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары, қаржы бөлімдері мен АХАЖ қызметін алуға болады. Өңірде жыл басынан беру екі мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Азаматтар арасында әлеуметтік төлемдерді алу, коммуналдық төлемдерді өтеу, электронды сандық қолтаңба алу қызметтері кең тараған. Бүгінде Тасқала ауданында "Ашық әкімдік" қағидаты бойынша бес құрылым жұмыс істейді. Олардың үшеуі ауылдық жерлерде орналасқан. Бексұлтан Бисалиев, Тасқала ауданы әкімдігі аппаратының бөлім басшысы: "Электрондық цифрлық қолтаңба алу өте қиын кейбір азаматтар үшін, мүмкімдігі, интернеті, компьютері. Сондықтан біз осы жерде өзіміздің қызмет көрсету секторында электрондық цифрлық қолтаңбаны онлайн түрде тұрғындар үшін алып беріп отырмыз", дейді ол.

Біржан Хайруллин, сыбайлас жемқорлыққы қарсы БҚО департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы: "Президенттің тапсырмасына сәйкес ағымдығы жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90% электрондық түрге көшу керек, қалғаны осы "Электронды үкімет", eGov порталы, халыққа қызмет көрсету орталықтары және осы жаңа айтқандай "Ашық әкімдіктер". Яғни бұл жерде халықтың арасына қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланысы болмайды. Біз тұрмыстық жемқорлықты жоямыз", дейді басқарма басшысы.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.