Қазақстан • 27 Тамыз, 2020

Мәреге екінші болып жетті

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің «Алабино» полигонында өтіп жатқан жарыста біздің танк экипажымыз Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан командаларына қарсы тартысты сайыста ресейлік әріптестеріне жол беріп, екінші орынды иеленді.

Мәреге екінші болып жетті

Қазақстандық танкшілер сайыс­та Т-72Б3 танкісімен өнер көрсетіп, екінші орынға сенімді түрде табан тіреді.

Жеке жарыстар бүгін, 27 тамызда жал­ғасады. Жартылай финалға шығу үшін қалған екі қазақстандық экипаж сайысты жалғастырады. Біз­дің команданың қазіргі нәтижелерді жақсартып, жүлделі орындарға қол жеткізуге бар­лық мүмкіндіктері бар.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ­стан­дық танк экипажы 2020 жыл­ғы Армия халықаралық ойындары­ның «Танк биатлоны» сайысына қатысып жатыр.