Әлем • 27 Тамыз, 2020

Украина карантин режимін 31 қазанға дейін созды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинада коронавирус жұқтыру жағдайы күрт өсуіне байланысты Министрлер кабинеті 26 тамызда осындай шешімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украина карантин режимін 31 қазанға дейін созды

"Украинадағы карантин 2020 жылдың 31 қазанына дейін жалғасады. Аймақтарда да шектеу шаралары күшейтілуде. Бұл коронавирустық ауру санының күрт өсуіне байланысты. Бұл жағдай жаңа ережелер мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттілігін талап етеді", деді Денсаулық сақтау министрі Максим Степанов үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, эпидемиялық қауіптіліктің "жасыл" деңгейі бар өңірлерде дискотекалар, түнгі клубтар, бос уақытты ұйымдастыруға арналған қоғамдық тамақтандыру орындарын, сондай-ақ концерттерді өткізуге тыйым салынады.