Футбол • 27 Тамыз, 2020

Футболдан Еуропа кубогінің іріктеу кезеңінде ойнайтын құрам белгілі болды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Алмас Құлшынбаев оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Футболдан Еуропа кубогінің іріктеу кезеңінде ойнайтын құрам белгілі болды

Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарының аясында Қазақстан жастар құрамасы 3 қыркүйек күні Черногорияны қабылдайды. Ал 8 қыркүйек күні сырт алаңда Израиль құрамасымен ойнайды. Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда басталады.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Данил Устименко ("Қайрат"); Қорғаушылар: Рауан Орынбасар ("Жетісу"), Сағадат Тұрсынбай ("Тобыл"), Әлібек Қасым ("Қызыл-Жар"), Талғат Кусяпов ("Оқжетпес"), Лев Скворцов ("Атырау"), Дінмұхамед Қашкен ("Қайсар"), Жалғас Жақсылықов ("Оңтүстік" академиясы), Айбар Нұрдалиев ("Қайрат");

Жартылай қорғаушылар: Жан-Әли Пайруз, Геворг Наджарян (екеуі де – "Шахтёр"), Сұлтан Сағнаев, Мәди Жақыпбаев (екеуі де – "Астана"), Адам Адахаджиев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де –"Қайрат"), Арман Кеңесов ("СКА-Хабаровск", Ресей), Жасұлан Қайыркенов ("Атырау"), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Артём Попов ("Ақсу");

Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет ("Жетісу"), Акмаль Бақтияров ("Сочи", Ресей), Оралхан Өміртаев ("Тобыл"), Артур Шушеначев ("Қайрат"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Владислав Прокопенко ("Ақтөбе");

Жаттықтырушылар штабы: Алмас Құлшынбаев – аға жаттықтырушы, Асқар Қожабергенов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Тимур Молдағалиев – бапкер, Ержан Сунақов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Нұрлан Битүгілов – врач, Станислав Ведлер – массажист, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Дінмұхамед Оралов – менеджер.  

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.