Әлем • 27 Тамыз, 2020

Қазақстандық туристер батып бара жатқан яхтадан құтқарылды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талян жағалауы күзеті сәрсенбіде Италияның Сардиния жағалауындағы Жерорта теңізінде 50 метрлік желкенді қайықтың батып бара жатқандығы туралы видео жариялады. Жағалау күзетінің хабарлауынша, артында орасан зор түтін бұлтын қалдырған леди ММ яхтасынан 17 адам құтқарылған. Оқиға сейсенбіде орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық туристер батып бара жатқан яхтадан құтқарылды

Шағын кеме Каприден Сардинияға бет алған. Итальяндық ANSA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, яхта Капо Коминодан 96 шақырым жерде, Сардинияның солтүстік-шығыс жағалауында өртенген. Жаңалықтар қызметі жағалау күзеті яхтадан апат белгісін алып, оқиға орнына екі қайық пен тікұшақ жіберді, деп хабарлайды.

Борттағы 17 адам, оның ішінде Қазақстаннан келген сегіз турист және тоғыз экипаж мүшесі кемеден кетіп үлгерген. Ал жағалау күзеті келгенде олар басқа қайықта болды.

Жағалау күзеті кемелерінің бірі экипаж бен туристерді Сардиниядағы Синискола ауылына алып келген. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жағалау күзеті апаттың себептерін анықтап жатыр.