Білім • 27 Тамыз, 2020

Атырауда мектеп мүлкі ұрланды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Құрманғазы аудандық полиция бөліміне аудандық мектеп директорларының бірі мектепте ұрлық фактісі орын алғаны жөнінде арызданады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда мектеп мүлкі ұрланды

Мектеп директорының айтуынша, белгісіз біреулер мамыр мен тамыз аралығында мектептен екі дана "ACER" ноутбугі мен бір дана проектор құрылғысын ұрланған.

Дереу іздестіру жұмыстарына кіріскен Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері мектеп мүлкін жымқырған ер адамды қолға түсіреді. Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шара барысында мектепке тиесілі техникалық құралдарды жымқырған күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол 1996 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Күдіктіге "ешқайда кетпеу және өзін өзі дұрыс ұстау" шарасы санкцияланып, айғақ заттар тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 188 бабының 1-бөлігімен жүргізілуде.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.