New Zealand Herald газетінің мәліметінше, сот Брентон Таррантты өмір бойына бас бостандығынан айыру және шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын бермеу туралы үкім шығарған.
Еске салайық, 2019 жылдың 15 наурызында Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, салдарынан 51 адам қаза тауып, тағы 50 тұрғын түрлі дене жарақатын алған еді.