Тағайындау • 27 Тамыз, 2020

Атырауда департаментке жаңа басшы келді

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес Асылбек Хамзеұлы Шаров Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Атырауда департаментке жаңа басшы келді

Асылбек Хамзеұлы 1983 жылы 11 наурызда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентнде дүниеге келген. 2006 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын дәрігер-гигиенист, эпидемиолог мамандығымен бітірген. Сондай-ақ, 2016  жылы Казақстанның Мемлекеттік құқықтық университетінен құқықтанушы мамандығын алған.

Еңбек жолын 2006 жылы Жаңаөзен қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы болып бастаған. 2006-2011 жылдары Маңғыстау облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бас маманы болған.

2011-2012 жылдары Қарақия ауданы бойынша МСЭҚ басқармасының, 2012- 2014 жылдары   Жаңаөзен қаласы бойынша МСЭҚ басқармасының, 2014-2017 жылдары Жаңаөзен қалалық ТҚҚ басқармасының, 2017-2018 жылдары Жаңаөзен қалалық ҚДС басқармасының, 2018-2019 жылдары Түпқараған аудандық ҚДС басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2019- 2020 жылдары Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, биылғы қаңтар-маусым айларында Шетпе селосының әкімі болған. Осы тағайындауға дейін Маңғыстау облыстық ТКҚСҚБ департаментінде бөлім басшысы болып жұмыс істеген.