Коронавирус • 27 Тамыз, 2020

Ж.Бекшин қазан, қараша айлары өте қиын болатынын айтты

13036 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты жағдай күзде күрделене түсуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ж.Бекшин қазан, қараша айлары өте қиын болатынын айтты

"Біз өзекті мәселені талқыға салғалы отырмыз. Себебі, қауіпті коронавирус инфекциясына тұмау қосылады. Сондықтан қараша, қазан айлары өте қиын болады. Алматы қаласында соңғы аптада 940 ЖРВИ-дің дерегі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға жоғары", - дейді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Алматыда 14 144 адам COVID-19 жұқтырды. 12 848 науқас айықты, 252 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 105 243-ке жетті. 94 713 науқас жазылды, 1 523 адам аурудан көз жұмды.