«Атырау қаласында тұратын кәмелетке толмаған қыз былтырғы желтоқсан бері Қызылқоға ауданының жігітімен кездесе бастаған. Арада бірнеше ай өткенде отбасы құруға шешім қабылдаған. Қыздың анасы келісімін берген. Қызылқоға аудандық ювенальды полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмаған қыздың анасын шақырып, жасөспірімді дәрігерлік тексеруден өткізді. Аудандық аурухана дәрігерлері 13 жасар қыздың жыныстық қатынасқа түспегенін, денесінде жарақат жоғын анықтады. Жас жұппен, олардың ата-анасымен түсіндіру жұмысы жүргізіліп, кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу ҚР Қылмыстық Кодексінің 122-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескерту жасады» - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер 13 жасар қызды отбасына қайтарды. Енді ол мектептегі оқуын жалғастырады.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.