Үндістанның шығысындағы Андрха-Прадеш, Батыс Бенгалия мен Орисса штаттарында нөсерлеп жауған жаңбырдың арты алапат су тасқынына ұласты. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдерінің ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.
Апат салдарынан кем дегенде 50 адақ қаза болып, 1 миллионнан астамы зардап шекті. 4,1 мың елді мекенді су басып қалып, 17 бағыттағы теміржол сапарлары кейінге қалдырылды.
Бұл аймақта нөсерлі жаңбыр осымен бесінші күн жалғасып жатыр. Жеке аудандарда күнделікті жауын-шашын мөлшері 270 мм. құрады.
Айдар Өрісбаев.