Аймақтар • 27 Тамыз, 2020

Алматыда бала бақша кезегі 70%-ға төмендейтін болады

231 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балаларға мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз етудің шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда бала бақша кезегі 70%-ға төмендейтін болады

Мектеп жасына дейінгі орын тапшылығын шешу мақсатында жыл басынан бері 670 орынды төрт мемлекеттік бөбекжай пайдалануға берілгенін айтқан әкім, ағымдағы жылдың соңына дейін бір мемлекеттік бала бақшаның құрылысы аяқталатынын және 520 орынды тағы үш жаңа бала бақшаның құрылысы басталатынын мәлімдеді.

361 жеке бала бақшаларға 17,5 орынды мемлекеттік білім тапсырыс берілген. Дегенмен, орын тапшылығы азаймай тұр. Өйткені, ата-аналар балаларын жеке бала бақшалардағыдай қосымша төлемді қажет етпейтін мемлекеттік бала бақшаларға бергілері келеді.

«Балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту үшін біз Үкіметке жеке бала бақшалардағы қосымша қызметтерге ата-аналардың ақы төлеуін жартылай жою жөнінде ұсыныс жасаған едік. Біздің бұл ұсынысымыз қолдау тапты, осы мақсат үшін жергілікті бюджеттен шамамен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетін болады», - дейді Б. Сағынтаев.

Бұл өз кезегінде балалары жеке бала бақшаларға баратын отбасылардың шығындарын азайтуға ықпал етпек. Осы оң шараның қолға алынуы арқасында жеке бала бақшаларда қосымша 5 мыңға жуық орын ашылады деп күтілуде. Қалада 893 мектеп жасына дейінгі мекемелер жұмыс жасайды, олардың тек 189 (21,2%) мемлекеттік, 704 (78,8% жеке бала бақшалар. 3 жастан 6 жасқа дейінгі 18 мыңнан астам бала кезекте тұр.

2021 жылы жобалық қуаттылығы 2 590 орын болатын 13 бала бақша іске қосу жоспарланған. Ғимараттарды қайтару және оларды модернизациялау жолымен қосымша 2200 орын ашылатын болады. Осылайша, 2020-2021 жылдары қосымша барлығы 12790 орын құрылады, ал бұл бала бақша кезегін 70%-ға төмендетеді.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20