Қоғам • 28 Тамыз, 2020

Нұрғиса күйлерінің керуені

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ руханияты талантты өнер иелерінен ешқашан кенде болған емес. Сондай тұлғаның бірі – әрине Нұр­ғиса Тілендиев болатын.

Нұрғиса күйлерінің керуені

Дәулескер күйші, талантты композитордың тоқсан бес жылдық мерейтойына орай елі­мізде түрлі шара қолға алына бас­тады. Соның бірі – Ruh.kz пор­талы бастаған қазақтың әйгілі күйшісі, КСРО халық әртісі, Ха­лық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына ар­­налған күй эстафетасы деуге болады. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғам­дық даму институты хабарлаған болатын.

Эстафетаны халыкаралық кон­курстардың лауреаты Сайыр­хан Ертіс Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновқа, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының рек­торы Арман Жүде­баев­­қа, Қа­зақстанның еңбек сі­ңір­­ген қайраткері Мейрам­бек Бес­­паевқа, «Дарын» мемлекеттік  жас­тар сый­­лығының лауреаты Мұра­гер Сау­ранбаев, Бағылан Аб­драйымов, Ердос Қанаев және ха­лықаралық конкурстардың лауреаты Жәні­бек Қазбекұлына жолдайды. Эстафета барысы Ruh.kz порталында, оның әлеуметтік желі­леріндегі парақшаларында хабарланып отырады.

Сайырхан Ертіс өз эстафетасын Нұрғиса Тілендиевтің «Жек­пе-жек» күйін орындап ұсынды.