Қазақстан • 28 Тамыз, 2020

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК 28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың тек солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай мен жаңбыр болжанады. Жекелеген өңірлерде желдің күшеюі, дауыл, тұман күтіледі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің екпіні күндіз 23 м/с артады, бұршақ жаууы ықтимал. Таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының кей жерлерінде, Атырау, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.