Қазақстан • 28 Тамыз, 2020

Қазақстан мен АҚШ терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиевтің АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілдерімен бейнеконференциясы өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстан мен АҚШ терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Кездесу барысында тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Қарулы қақтығыс ошақтарынан оралған қазақстандық азаматтарды әлеуметтік оңалту және реинтеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар жұмыс байланыстарын одан әрі қолдау туралы келісе отырып, ағымдағы өзара іс-қимылдарға қанағаттығын білдірді.