Парламент • 28 Тамыз, 2020

Нұртөре Жүсіп: Конституция дамудың бағыт-бағдарын айқындап берді

781 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Нұртөре Жүсіп Конституцияның 25 жылдық мерекесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұртөре Жүсіп: Конституция дамудың бағыт-бағдарын айқындап берді

"Ата заңымыз – тәуелсіз Қазақ мемлекетінің 30 жылға жуық тарихындағы дамудың бағыт-бағдарын айқындап берген басты құжат екенін айтты", деді сенатор.

Сондай-ақ, Нұртөре Жүсіп Конституция арқылы еліміз нарықтық даму жолына бет бұрып, өркендеудің нақты қадамдарын белгілеп алғанын тілге тиек етті.

"Қазіргі таңда Президентіміз көптеген іргелі бастамаларды қолға алып, нақты ұсыныстар жасап жатыр. Солардың барлығы заңдық тұрғыда қамтамасыз етіледі. Парламент депутаттары осы бағытта жұмыс істейтін болады", деді сенатор.

Нұртөре Жүсіп Ата заңымыздың мерейлі жылымен барша қазақстандықтарды құттықтап, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.