Аймақтар • 28 Тамыз, 2020

Атырауда тұрғынды бопсалаған күдікті қолға түсті

791 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысты күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда тұрғынды бопсалаған күдікті қолға түсті

Бастапқыда ол 1984 жылы туған қала тұрғынынан​ 80 мың теңге, үш күн өткен соң 70 мың теңге талап етіп, жалпы құны 150 мың теңге ақшасын иемденген.

Атырау қаласының 1990 жылғы тұрғыны ұсталып, қазіргі уақытта қылмысқа күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына​ қамауға алынды.