"Полицияға арызданған әйел ер адамның бірнеше рет қорқытып, ақша талап еткенін хабарлады. Бастапқыда 80 мың, үш күннен соң 70 мың теңге, жалпы сомасы 150 мың теңгесін алып кеткен. Осы дерекке байланысты Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті Атырау қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір ақша бопсалаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.