Аймақтар • 28 Тамыз, 2020

"Almaty jastary" ресурстық орталығы ашылды

55 рет көрсетілді

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен жастар мен жастар ұйымдары үшін әлеуметтік алаң ұсыну мақсатында Бостандық ауданында "Almaty jastary" жастар ресурстық орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жастар ресурстық орталығы жастарға қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша (жұмысқа орналастыру, тұрғын үй мәселелері, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік және т.б.) жұмыс істейтін болады.

Жастар ресурстық орталығында "Атамекен" ҰКП, Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ қызметкерлері жүгінген жастарды қолдау бойынша кеңес береді.

Сондай-ақ, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар, жастарға арналған мүмкіндіктер және қалада жүргізіліп жатқан реформалар, жас отбасылар арасында ажырасудың алдын алу, NEET санатындағы жастармен жұмыс, жастарға анонимді психологиялық көмек көрсету, жастар мен жастар ұйымдарына құқықтық, әдістемелік көмек көрсету туралы кеңестер өткізіледі.

Сонымен қатар, орталық қызметкерлері Бостандық ауданының жастарына колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу, сондай-ақ студенттер үшін жатақхана алу мәселелері бойынша кеңес бермек.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін call-орталық құрылады, ол аудан жастарына онлайн режимде кеңес береді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда қаланың барлық ауданында «шетсіз қала» қағидаты бойынша оңтүстік астананы дамыту шеңберінде Жастар ресурстық орталықтары ашылды.

"Еңбек" бағдарламасы аясында ЖРО ашылған алғашқы күні-ақ Бостандық ауданының 50 жас тұрғындары "Жастар практикасы" мен "Қоғамдық жұмыстар" арқылы қалыптасты.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар