Қазақстан • 29 Тамыз, 2020

Атыраулықтар Қызылорда мен Оралға ұша алады

791 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулықтар Қызылорда мен Оралға ұша алады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атыраулықтар Қызылорда мен Оралға ұша алады

Биылғы шілдеде FlyArystan əуе компаниясы Атырау қаласынан Алматы, Ақтау, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларына әуе рейсін ашқан болатын. Ал, кеше Қызылорда мен Орал қалаларына тікелей рейспен алғашқы жолаушылар ұшты.

"Дүйсенбі мен жұмада "Атырау-Қызылорда", ал, сəрсенбі, жұма, жексенбі күндері "Атырау-Орал" бағытында рейстер ұшады. 180 орындық Airbus-320 ұшақтарында қауіпсіздік мəселесіне баса назар аударылып отыр", дейді FlyArystan əуе компаниясының баспасөз қызметінің өкілі Лəззат Нәбиева.

Оның мәліметіне сүйенсек, Қызылорда қаласына билет құны 6999 теңгеден, ал, Оралға 4999 теңгеден басталады екен. Сонымен бірге, 29 тамызда Қарағандыға, ал, 1 қыркүйекте Қостанайға әуе рейсін ашу жоспарланып отыр.